ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің атауы өзгерді

30 маусым 2018 10147 0
Оқу режимі

Мемлекет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін қайта атау туралы қаулы етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып аталсын.

2. Министрлікке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

  • жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;
  • осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 22.02.1999 ж. № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақта: «ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «ҚР Қоғамдық даму министрлігі;».

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28 маусым №70

baq.kz/kk/news

 

 

Пікірлер Кіру