РАМАЗАН АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ (ФОТО)

21 наурыз 2024 1567 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының алғашқы он күнінде 540 663 адамға ауызашар берілді.

Ауызашар дастарқандары Астана, Алматы мен Шымкент қалалары, сондай-ақ облыс орталықтары мен аудан, ауыл-аймақтарда орналасқан 884 мешітте жайылуда. Рухани шараға мешіт жамағатымен бөлек балалар мен мүгедектер үйінен келген жандар, сонымен қатар көпбалалы ата-аналар, жалпы көмекке мұқтаж азаматтар қатысуда.

Сондай-ақ еліміздің 565 мешітінде 637 қари күнделікті тарауық намазында Құран Кәрімді хатым етуде. Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде 2854 мешіт жұмыс істеп тұр. Соның 565-інде тарауық намазында Құран Хатым жасалуда. Алғашқы он күнде өңірлердегі барлық мешіттер бойынша 972 рет Құран хатым оқылып, дұғасы жасалды.

Бұдан бөлек, Ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен Рамазан айына арналған тікелей эфирде уағыз-насихат көрермен назарына ұсынылуда. Бүгінге дейін ҚМДБ ұстаздарының қатысуымен өткен 6 бағдарлама «Munara TV» арнасы мен «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Күнделікті тарауық намазынан бұрын «Құран аяттарының хикметі» тақырыбында жамағатқа уағыз айтылуда. Ал ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 1 дін қызметкеріне және 6 көпбалалы отбасыға, барлығы 7 баспананың кілті табысталды. Республикамыз бойынша «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы аясында 9 814  көпбалалы, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға да табысталды. «Рамазан тәттісі» жобасы аясында балаға тәттілер мен ойыншықтар таратылды. 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру