«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)

07 қазан 2024 734 0
Оқу режимі

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Астана қаласы «Әйел-қыздар» секторына қарасты «Аналар мектебінің» ұйымдастыруымен «Үмбетіне үлгі болған Мұхаммед (ﷺ)» атты Мәуліт кеші өтті.

Рухани кеште ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызы арнайы қатысып, мешіттің наиб имамдары Ержан Ниязов пен Салман қари Хадыршаев Мәуліт жырын оқыды.

Игі шарада Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистері айтылып, арнайы қойылымдық көріністер көрсетілді. Екі дүние сардарының өмірі жайлы монолог оқылып, мешіттің кішкентай бүлдіршін шәкірттері салауат айтудан жарысты. Ойсалар қызықты ойындар ойнатылып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Гүлнұр Мурзатаева «Алла Елшісіне (ﷺ) деген махаббат» тақырыбында уағыз-насихат айтып,  жиналған жамағаттың алдына Пайғамбарымыз (ﷺ) жақсы көріп жеген тамақтары арнайы астаулармен ұсынылды.

Шара соңында Мәуліт айы басталғалы бері жалғасып келген салауат жарысының нәтижесі жарияланды. Жалпы 32 шәкірт қатысқан сайыстың алғашқы үш орынға ие болған жеңімпазына және басқа да қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Пікірлер Кіру