Судья 5 жылдан кейін мұсылман әйелден кешірім сұрады

15 қыркүйек 2020 6782 0
Оқу режимі

Канададағы Квебек штатының судьясы бес жылдан кейін хиджаб кигені үшін сот залынан қуылған мұсылман әйелден ресми түрде кешірім сұрады.

Кешірім Квебек штатының Сот кеңесі мүшелерінің онлайн-отырысы кезінде жасалды, онда судья Элиана Маренго мен мұсылман әйел Рания эль-Аллулдың ісі қаралды.

Судья Маренго Эль-Аллулдан орамалын шешуін өтініп, қателік жібергенін және қолайсыздықтар мен сыйламаушылыққа өкінетінін айтты.

Хиджабты бас киіммен және күн көзілдірігімен салыстырудағы кемшіліктерге түсініктеме бере отырып, Маренго оның әрекеті әйелдің діни сезімін бұзуға емес, сот ғимаратындағы тәртіп ережелеріне байланысты екенін айтты.

Рания Эль-Аллул судья Маренгоның кешірім сұрауын қабылдады.

Anadolu Ajansı-ның хабарлауынша, 2015 жылдың сәуірінде судья Маренго апатқа ұшыраған мұсылман әл-Аллул есімді әйелдің ісін қарауды әйел хиджаб киді деген сылтаумен бас тартқан.

Дереккөз: asyldin.kz

Пікірлер Кіру