Талдықорғанда «Қайырымдылық керуені» жолға шықты (ФОТО)
26 қазан 2020
3466
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жүрекке жылу» және «Біз біргеміз» акциялары бойынша мұқтаж отбасыларға көмек берілді.
Талдықорған қаласында ұйымдастырылған «Қайырымдылық керуеніне» ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, игі іске ұйытқы болған имамдарға ризашылығын білдірді.
Сонымен бірге Бас мүфти «Қайырымдылық керуеніне» атсалысқан жомарт жандарға алғыс хат табыстады. Айта кетелік, осы игі шарада 10 тонна көмір мен 11 тонна азық-түлік дайындалып, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың үйлеріне жеткізіліп берілді.
Пікірлер
Кіру