TAWAF TRAVEL: ЕЛОРДАЛЫҚ ИМАМДАРҒА ҚАЖЫЛЫҚ БӨЛІМІ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

13 қараша 2025 358 0
Оқу режимі

Жиында ҚМДБ Қажылық бөлімінің Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Тамирлан Дарханұлы ұлы құлшылық сапары жайлы тың мәліметтер беріп, қажылықты насихаттау жұмыстарын өкілдік көлемінде насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ҚМДБ жанынан құрылған ресми қажылық оператор – Tawaf Travel компаниясының қызметі де кеңінен насихатталды.

Жиын барысында қажылыққа дайындық кезеңдері, қажылық сапарының талаптары мен ережелері, қажылық кезінде орындалатын рәсімдер жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, имамдардың жамағат арасында қажылықты дұрыс насихаттау, қажылыққа барушыларға рухани әрі практикалық тұрғыдан қолдау көрсету міндеттері айтылды.

Семинарға қатысқан имамдар өзара тәжірибе алмасып, қажылық маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. Қажылық бөлімінің мамандары тарапынан нақты ұсыныстар мен әдістемелік құралдар ұсынылып, қажылық қызметінің сапасын арттыру жолдары қарастырылды.

Айта кетсек, ҚМДБ Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстан Республикасына 2026 жылғы қажылық маусымына 4000 қажылық орны бөлінгенін ресми түрде хабарлады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру