Түрік президенті Афинада мешіт жоқтығына қынжылды

03 маусым 2020 4979 0
Оқу режимі

Түркия президенті Реджеп Ердоған Грекия астанасындағы мұсылмандардың қиын жағдайына қынжылыс білдіріп, өз ескертпесін білдірді. «Афинада біздердің бірде-бір мешітіміз қалмады. Олардың барлығы жер бетінен күреп тастады. Алайда, біз олар секілді мұндай қадамға бармадық, әсіресе Стамбул шаһарында», – деді ол Константинопольді азат етудің 567 жылдығына орай өткізілген шара барысында.

«Біздің бабаларымыздың осыдан жүздеген жылдар бұрын қалдырған мешіттер мен ескерткіштері аз ғана уақыт ішінде жермен-жексен етілді». Түрік президентінің айтуынша, оның ата-бабалары діни төзімсіздікті желеулетіп, қоғамдық және тарихи құндылықтарды қиратып, бүлдірмеген. Қайта қорғап, сақтап  қалуға тырысқан.

Грекия саясатына қатысты Түркия Сыртқы істер министрлігі де сын айтып, Афина тарапынан Айя-Софияда Құран оқылған жайтқа қатысты ескертпеге жауап қайтырлған. «Еуропа елдері ішінде астанасында мешіті жоқ жалғыз елдің Айя-Софияда Құран оқылғанына қатты «алаңдағаны – бар болғаны бұл елдің ымырасыз психологиясын аңғартады» делінген министрлік мәлімдемесінде.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру