Түркістан облысы мен Шымкент қалалық өкілдіктері арыс халқына қызмет етуде (ФОТО)

25 маусым 2019 5849 0
Оқу режимі

Бас Мүфти Серікбай Ораз хазірет мешіттерде арыстықтарға қолдан келгенше көмек көрсетуді Түркістан облысы мен Шымкент қалалық өкілдіктеріне жүктеді.

Елдің өзге де өңірлеріндегі мешіттер де қол қусырып қарап отырған жоқ.

Кешелі бері екі өкіл тік тұрып арыстықтарға қызмет етіп жүр. Бақтыбай Бейсенбаев пен Мұсабек Ақтамберді аналар мен балалардың көңілін сұрап, керек-жарақтарын жеткізді.

Алла Тағала жәрдем берген азаматтарға разы болсын! Апаттың арты қайырлы болсын!

Халықтың қызметінде тұрған дін қызметкерлері мен жамағаттарға алғыс білдіреміз.
 

 

Дереккөз: yassi.kz

Пікірлер Кіру