Түркиядағы білім жетілдіру курсына елімізден 30 имам аттанды (ФОТО)

22 қазан 2018 6119 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істері басқармасы арасындағы келісім негізінде Түркия тарапы жыл сайын қазақстандық дін қызметкерлерінің білім жетілдіруіне жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.  Жуырда қазақстандық 30 дін қызметкері Түркия астанасы Анкара қаласына 2 айлық білім жетілдіру және тәжірибе алмасу курсына аттанды. 

Имамдарды шығарып салу рәсімінде сөз алған наиб мүфти Алау Əділбай: "Оқу кезінде əр уақытты тиімді пайдаланып, барынша білім алуға талпыныңыздар. Бұл - сіздер үшін жасалған үлкен мүмкіндік əрі қамқорлық", - деп атап өтті.

Айта кетейік, бұл жоба 2002 жылдан бері жалғасын тауып келеді. 2002 мен 2018 жылдар аралығында 239 дін қызметкері 2 айлық білім жетілдіру курсында білім алған.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру