Түркменстан мешіттері әлі бір ай жабық болмақ

03 қыркүйек 2020 6274 0
Оқу режимі

Көршілес Түркменстан елінде корнавирус індетінің алдын алу мақсатында құлшылық ордалары 1 қазан күні бірақ ашылмақ. Бұл жайында Түркменстан муфтиятына сілтеме жасай отырып, «Түркменпортал» хабарлады.

Айта кетейік, елдегі мешіттер мен құлшылық орындары 13 шілдеден бастап, «Коронавирус пандемиясына қарсы жұмыстар және жедел әрекет жасау жөніндегі Түркменстанның дайындық жоспары» аясында жабылған болатын.

Дегенмен, Түркменстан билігінің ресми мәліметі бойынша, ел аумағында коронавирус індетін жұқтыру жағдайы еш тіркелмеген. Алайда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Түркменстан азаматтары арасында өкпе қабыну ауруы күрт өскеніне алаңдаушылық білдірген болатын.

«Бізге бәрі белгілі. Сондай-ақ, өкпе қабынуы және ауа арқылы жұғатын аурулар жайлы келіп түскен хабарламаға қатты алаңдаулымыз», – деген еді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы төтенше жағдайлар бойынша жоғары маманы Кэтрин Смоллвуд.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру