Ұлыбритания темекіден түбегейлі бас тартпақ

24 шілде 2019 6127 0
Оқу режимі

Ұлыбритания үкіметі «2020 жылдары халықтың денсаулығын жақсарту тұжырымдамасын» ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА BBC-ге сілтеме жасап.

Оның негізгі мақсаттарының бірі – 2030 жылға дейін темекіден түбегейлі бас тарту. Ұлыбритания әлемдегі темекіге қарсы ең қатаң заңды ұстанатын мемлекеттердің бірі болып табылады. 1985 жылы бұл елде теледидардан, ал 2003 жылы – жарнама тақтасынан темекіні жарнамалауға тыйым салынды; 2005 жылдан бастап темекі компанияларына көпшілікке арналған іс-шараларға және спорттың жарыстарға демеуші болуға рұқсат етілмейді. 2007 жылы Ұлыбритания әлемдегі алғашқы ел болып мейрамханалар мен дәмханаларда темекі тартуға тыйым салды.

Елдегі барлық әуежайлар шылымқорларға арналған бөлмелерді алып тастады.

Дәл сол 2007 жылы билік өкілдері темекі сатып алуға рұқсат етілетін жасты 16-дан 18-ге дейін көтерді. 2010 жылдардан бері елде ұдайы шылымнан бір айға бас тартып, нәтижесін көруге шақыратын Stoptober сынды науқандар өткізіліп тұрады.

Пікірлер Кіру