ЫСТАМБҰЛДАҒЫ АЙЯ-СОФИЯ МЕШІТІНЕ КІРУ АҚЫЛЫ БОЛМАҚ

02 қараша 2023 2021 0
Оқу режимі

2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап Ыстамбұлдағы Айя-София мешіті шетелдік туристер үшін ақылы болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Sabah порталына сілтеме жасап.

Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой 15 қаңтардан бастап шетелдіктер мешітке кіру үшін билет сатып алатынын мәлімдеді. Түркия азаматтары үшін кіру тегін. Әзірге билет құны айтылмады.

Эрсойдың айтуынша, мұндай шешім ЮНЕСКО ұсынысы негізінде қабылданған. Осыған дейін ұйым жергілікті билікке тарихи мұраны сақтау және басқару бойынша жоспар әзірлеуді тапсырған. Мұндай шараның әсерінен, келушілер саны азайып, ғимараттың сақталуына септігін тигізеді екен.

Айта кетейік, Әулие София соборын Юстиниан I 537 жылы салған. 1453 жылы османдықтар Константинопальды басып алғаннан кейін храм мешітке айналды. 1935 жылы Мұстафа Кемаль Ататүріктің жарлығымен Әулие София соборы музейге айналып, бүкіләлемдік мәдение мұра тізіміне енді. Алайда 2020 жылы Түркияның мемлеккеттік кеңесі ғимаратқа мешіт статусын қайта берді.

Пікірлер Кіру