Жаңа Зеландия: теракт құрбандарына $2 млн жиналды

20 наурыз 2019 6675 0
Оқу режимі

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы мешітте болған терактіден зардап шеккендерге қаражат жинау үшін құрылған ерікті қор 2,7 млн жаңазеландиялық доллар (1,84 млн АҚШ доллары) жинады. Бұл туралы қор ұйымдастырушыларына сілтеме жасап NZ Herald басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, жаңазеландиялық топ зорлық-зомбылық құрбандарына екі интернет ресурсынан арнайы парақша ашқан. «Біздің қор терактіден зардап шеккендер мен оларды ң отбасына көмек көрсетуге, адамдардың осы сәтте қолдау білдіруіне мүмкіндік береді. Жиылған қаражаттың барлығы Жаңа Зеландияның ислам орталығына, мешітке жасалған шабуылдан жапа шеккендер отбасына таратылады» дейді ұйымдастырушылар.

 

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру