Жаңа жылдан бастап 340 мың отбасы жәрдемақы алады

09 желтоқсан 2019 5465 0
Оқу режимі

2020 жылдан бастап жаңа жәрдемақы 340 мыңнан астам отбасыға тағайындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

«Көпбалалы отбасыларға жеке мемлекеттік жәрдемақы енгізу көзделген. 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға, яғни 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар жанұяларға отбасының табысына қарамастан жәрлемақы төлеу көзделіп отыр. Біздің есебіміз бойынша, аталған жәрдемақыны жаңа жылдан 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы алатын болады», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, отбасыдағы балалар санына байланысты 42 496 теңгеден 74 388 теңгеге дейін сараланған мөлшерде жаңа мемлекеттік жәрдемақы белгіленетін болады.
 

Дереккөз: Қазақпарат

Пікірлер Кіру