«Жас келіннің әдебі» атты семинар өтті (ФОТО+ВИДЕО)

20 қаңтар 2020 6575 0
Оқу режимі

«Нұр Астана» мешітінде қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазықызының қатысуымен «Жас келіннің әдебі» атты семинар өтті. Мешіт жанында жұмыс істейтін «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен өткен семинарға ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазықызы мен ҚМДБ әйел-қыздар секторының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жауапты маманы Динара Құтқожақызы қатысты.

Клуб жетекшісі, «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы жиналған қауымға семинардың мақсатын түсіндіріп, келген қонақтарды таныстырып өтті. Елімізде ажырасу құбылысы белең алып бара жатқаны баршаға аян. Оның салдары – жалғызбасты ана, толыққанды тәрбие көрмеген бала. Бұл өз кезегінде қоғамның келешегі үшін үлкен қауіп.

Әйел жамағатының басын қосып, көптеген тәрбиелік, рухани, мәдени шараларды ұйымдастырып жүрген «Жібек» қыз-келіншектер клубы бұл жолы отбасының ұйытқысы болар ана – жаңа түскен келін екенін ескеріп, осы тақырып аясында елордалық аруларға жан-жақты мағлұмат беруді мақсат етті.   

«Бала тәрбиесін қазақ халқы ананың құрсағына түскен кезеңнен бастап жіті қадағалаған. Соның ішінде қыз баланың тәрбиесіне баса назар аударған. Себебі, қыз – екі елдің арасындағы елші, болашақ ұрпақты тәрбиелейтін ана. Өнегелі тәрбие көріп өскен қыз бала келін боп түскен шаңырақтың мерейін асырып, көркейте түсері белгілі. Олай болса, оң жақтағы аруларымызды болашақ ана ретінде, тұтас бір отбасының ұйытқысы ретінде тәрбиелеуіміз керек», - деді семинар қонағы Оразгүл Асанғазықызы.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру