ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ: «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ (ФОТО)

19 қыркүйек 2025 994 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әл-Ғани» мешітінде қасиетті жұма күні Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен мешіт ауласында тазалық жұмыстары жүргізіліп, айнала қоқыстан тазартылды.

Бұл шараның мақсаты – Алланың үйін таза ұстау арқылы жамағатқа үлгі көрсету, сонымен қатар жастардың ортақ іске жұмылу мәдениетін қалыптастыру. Шараға қатысқан жастар бірі аула сыпырып, енді бірі гүлзарлар мен жасыл аймақтарды реттеді. Әркім қолынан келгенше үлес қосып, мешіттің абаттануына атсалысты.

Ислам дінінде тазалыққа айрықша мән беріледі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Тазалық – иманның жартысы» деп бекер айтпаған. Бұл іс-шара – осы өсиеттің нақты көрінісі іспетті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру