ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ: МЕШІТ ЖАСТАРЫНА РУХАНИ КЕШ ӨТТІ (ФОТО)

17 қараша 2025 366 0
Оқу режимі

Астанадағы «Әс-Сәлам» мешітінде Жастар ісі секторыың ұйымдастыруымен жамағат пен жастарға арналған «Жастар және Ихсан» атты кездесу өтті.

Кеш барысында «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Дастан Зияшұлы жиналған жамағат пен жастарға Ихсан ұғымының мән-мағынасын кеңінен түсіндірді. Тақуалыққа жету және көркем мінез қалыптастыру жолында Ихсанның маңызы зор екенін, бұл ұстанымды тек намазда ғана емес, өмірдің барлық сәтінде берік ұстану қажет екенін айтты.

Кездесу соңында жамағат ақсақалдары жастарға ақ батасын беріп, тілек білдірді. Жиналған жамағатқа дастархан жайылып, ас ұсынылды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру