Еттің қанын жуу шарт па?
15 қаңтар 2021
4322
0
Оқу режимі
Ассаламу алейкум! Ас әзірлемес бұрын еттің қанын жуу шарт па?
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Малды бауыздаған кезде аққан қан – харам. Мұнан кейін етте қалған қан таза және адал боп есептеледі. Сондықтан, еттің қаны денеге немесе киімге тисе, нәжіс болмайды. Сондай-ақ, қаны бар етті қазанға салу да харам болып саналмайды. Айша (р.а.) анамыз: «Егер аз қан харам болса, адамдарға тамырдағы қанды да алып тастау керек болар еді. Біз етті қайнатқанда, сорпасының бетіне сарғылт шығып жататын», – деп, жуған күннің өзінде де етте аз болса да қан қалатынын жеткізген.
Алайда, тазалық мақсатында қазанға салмас бұрын жуу – адамның өз еркінде.
Пікірлер
Кіру