Мұсылман әйелінің киімі қара түсті болу шарт па?

28 мамыр 2021 7528 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум!
Менің сұрағым, қыз-келіншектердің Ислам талаптарына сай киіну үлгісі жайлы. Мәселен, ұзындығы балтырға дейін түсіп тұрған жейде және кең шалбар кию хижабтың талабына сай келе ме? Сосын, мұсылман әйел киімінің түсі міндетті түрде қара болуы тиіс пе?      


Жауап

Уа алейкум ассалам!
Қыз-келіншектер киімі мен орамалының түсі мен көрінісі бір қалыпты болуы шарт емес. Алайда, төмендегі талаптарға сай келуі қажет, олар:

1.Көздің жауын алатын, еріксіз назар тартатындай болмауы;

2.Әйелдің денесі көрінетіндей жұқа болмауы;

3.Дене пішімін айшықтап тұратындай тар болмауы;

4.Киім денені толығымен жауып тұруы тиіс. Әйелдің білезігінен төмен екі қолы, аяғының тобықтан төмен бөлігі және бет-жүзінен басқа барлық жері жабық болуы керек.

Ал, әйел киімінің түсіне келер болсақ, Сауд Арабиясының Ғылыми зерттеулер және Пәтуа беру тұрақты ұйымы былай деп нақтылайды: «Мұсылман әйелдің киімі тек қара түсті болуы шарт емес. Әйелдің кез келген түстегі киімді киюіне рұқсат етіледі. Алайда, киімі әуретін жабуы, ер кісінің киіміне ұқсамаған болуы, дене мүшесін айқын көрсететіндей тар болмауы, киім дене көрініп тұратындай жұқа болмауы және ер кісілерді азғыратындай пішімде болмауы керек», – деп айтқан.
Қорыта айтқанда, мұсылман әйелінің киім үлгісіне қойылатын шариғи талаптар осы.

Руслан Камбаров

Пікірлер Кіру