Намазда тұрғанда жан-жағымызға қарауға бола ма?
03 мамыр 2023
4873
0
Оқу режимі
Намазда тұрғанда жан-жағымызға қарауға бола ма? Қарап қойған жағдайда намаз бұзыла ма?
Жауап
Айша анамыз: «Аллаһ елшісінен (ﷺ) намаз оқып тұрғанда жан-жаққа бұрылып қараудың үкімі жайлы сұрағанымда:
«Олай істеу – шайтанның намазда тұрған адамның намазына қол сұғып, (сауабынан) білдірмей ұрлауы болып табылады» – деп айтты» деген (Бұхари, әзән 93).
Намаз оқып тұрғанда жан-жағына қарап қойса, намаз бұзылмайды. Бірақ, намазда тұрғанда мойнын бұрып жан-жағына қарау – мәкрүһ. Ал қажет жағдайда көзбен жан-жағына қарауына болады. Алайда, бірнеше рет қайталайтын болса – ол да мәкрүһ болады. Намазда тұрғанда көзіміз сәждеде басымыз тиетін жерде болғаны абзал.
muslim.kz порталы
Пікірлер
Кіру