«Қыдыр ата қолдасын» деп айту дұрыс па?

23 қазан 2018 16406 0
Оқу режимі

Тойда, жиындарда, мерекелерде жасы үлкен кісілерден бата сұраған кезде «Қыдыр дарысын», «қыдыр қолдасын» деп айтып жатады. Бұл қаншалықты дұрыс немесе бұрыс?


Жауап

Қыдыр/Хидр сөзі - араб тілінде үш түрлі қолданылады хадр, хидр және худр қазақ тілінде «жасыл» деген мағынаға саяды. Құран Кәрімде[1] қиссасы баяндалған Қыдыр, Мұса пайғамбардың заманында өмір сүрген. Тәпсір кітаптарында пайғамбар немесе әулие кісі болғандығы айтылады. Қыдыр деп аталуы, «жүрген жерінен көк шөп пен жасыл желек шыққандығынан немесе жасыл киім киетіндігінен» деп айтылады.[2]

Қыдыр жайында ғұламалар арасында екі түрлі пікір бар:

1. Мұса пайғамбардың заманында өмір сүрген, қазір жоқ, дүниеден өтіп кеткен.

2. «Иса пайғамбар мен Қыдыр, әлі де тірі» деген пікір.

Қазақы түсінігімізде Қыдыр ата, жақсылық таратушы, қиналғанға көмектесіп, береке тасушы секілді ұғым бар. Сондықтан бата бергенде «қыдыр дарысын», «қыдыр қолдасын» деп айтып жатады. Бұл сөздері үшін күнәһар болды немесе Аллаға ортақ қосып діннен шықты дей алмаймыз. Алайда, шариғаттың шеңберінен асып кетпеу әрбір мұсылманға міндет. Бата бергенде халық арасында наразылық тудыратын немесе таласты сөздерді қолданбаған жөн.


[1] «Кәһф» сүресі, 60-82 аяттар

[2] Қуртуби, әл-Жәмиғ ли Ахкамил-Қуран, 65-ші аят тәпсірі

Пікірлер Кіру