Жеңіл босану үшін қандай аят оқуға болады?

26 қазан 2018 271113 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Жеңіл босану үшін қандай аят оқуға болады? Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және сахабалар осындай жағдайда кеңес берген немесе оқыған дұғалар бар ма?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Расында, қуаныш пен қайғыда, кеңшілік пен қысыл-таяң жағдайда адам баласы Жаратқан Иесіне жалбарынып дұға етуі қажет. Нұғман бин Башир (р.а.): «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Дұға – құлшылық», - деп айтқанын сосын: «Сендердің Раббың: Менен сұраңдар, жауап беремін. Ақиқатында, Маған құлшылық етуден өздерін жоғары санағандар, жақында қор болған күйде тозаққа кіреді[1]» аятын оқығанын естідім[2]», - дейді. Міне, аяғы ауыр әйел де босану жеңіл өту үшін немесе толғақ қысқанда дұға-тілек жасағаны құба-құп. Ал, енді дұғаны әйелдің өзі немесе жанындағы адамның да оқуына болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қызы Фатиманың (р.а.) ай-күні жақындап босанар шағында Үмму Сәләма мен Зайнаб бинт Жахшқа (р.а.) барып, аятул-курсиді, сонымен қатар мына дұғаны: «Иннә раббәкумуллаһул ләзии халәқас сәмәуәти уәләрда фии ситтәти әййәмин суммә стәуә ъаләл ъарши йуғшиил ләйлән нәһәрә йәтлубуһу хәсиисәу уәшшәмсә уәлқамәрә уәннужуумә мусәххарәтин биәмриһ. Әлә ләһул халқу уәләмр. Тәбәрәкаллаһу Раббул ъаләмиин» (мағынасы: Ақиқатында, сендердің Раббың – Алла. Ол аспандарды және жерді алты күнде жаратқан, кейін Аршыға истиуа етті. Ол түнмен, оны жылдам түрде өкшелеп қалмайтын күндізді жабады. Күн, ай және жұлдыздар Оның әміріне бағынышты. Біліңдер, жарату мен әмір ету – Оның билігінде. Әлемдердің Раббысы Алла – аса Берекелі[3]) және «қос құл» сүресін оқуды тапсырған екен[4].

Сонымен бірге, төмендегі аяттарды оқуға болады:

1. Бақара сүресінен: «Лә йукәллифуллаһу нәфсән иллә уусъаһә. Ләһә мә кәсәбәт уәъаләйһә мә ктәсәбәт. Раббәнә лә туәхизнә ин нәсиинә әу әхтанә Раббәнә уәлә тәхмил ъаләйнә исрән кәмә хәмәлтәһу ъаләл ләзиинә мин қаблинә. Раббәнә уәлә тухәммилнә мә лә тақатә ләнә биһи. Уәъфу ъаннә уәғфир ләнә уәрхәмнә. Әнтә мәуләнә фәнсурнә ъаләл қаумил кәфириин[5]»;

2. Рағд сүресінен: «Аллаһу йәъләму мә тәхмилу куллу унсә уәмә тәғиидул әрхәму уәмә тәздәду. Уәкуллу шәйин ъиндәһу бимиқдәр[6]»;

3. Фатыр сүресінен: «Уаллаһу халәқакум мин турәбин суммә мин нутфәтин суммә жәъаләкум әзуәжә. Уәмә тәхмилу миу унсә уәлә тәдаъу иллә биъилмиһ. Уәмә йуъаммәру мим муъаммәриу уәлә йунқасу мин ъумуриһи иллә фии китәб. Иннә зәликә ъалаллаһи йәсиир[7]»;

4. Нахыл сүресінен: «Уаллаһу әхрәжәкум мин бутууни уммәһәтикум лә тәъләмуунә шәйәу уәжәъалә ләкумус сәмъа уәләбсарә уәләфидәтә. Ләъалләкум тәшкуруун[8]».

Мына дұғаларды да оқуға кеңес береміз:

1. «Аллаһумма әсәлукә хуснәл-хулуқ, уә һәунәл-толқ. Иә Холиқалн-нафси минән нафси, иә Мулисан-нафси минән нафси, иә мухрижан нафси минән нафси, халлисни»;

2. «Аллаһуммә иә мусаһһиләш-шадид, уә иә мулаинәл хадид, уә иә мунжизал-уағид, иә мән һуә куллә яумин фи әмрин жадид, ахрижни мин халқи дойқи илә әусағит тариқ, бикә адфағу мә лә атық, уә лә хаулә уә лә қууатә иллә билләһ»;

3. «Аллаһуммә лә сәһлә иллә мә жағалтәһу сәһлән уә әнтә ин шитә жағалтәл хузнә сәһлән[9]»;

4. «Иә Хаию иә Қойюм би рахматикә астағису[10]».


[1] Ғафир сүресі, 60-аят
[2] Тирмизи
[3] Ағраф сүресі, 54-аят
[4] Ибн Синни
[5] Бақара сүресі, 286-аят
[6] Рағд сүресі, 8-аят
[7] Фатыр сүресі, 11-аят
[8] Нахыл сүресі, 78-аят
[9] Ибн Хиббан
[10] Насаи, Хаким, Байһақи

Тегтер: толғақ дұға
Пікірлер Кіру