Мешіттегі тарауих намазына үйімде тұрып ұйысам бола ма?

18 мамыр 2018 10331 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум. Менің үйім мешіттің қасында еді, шарбақтас. Тарауық намазын шарбақтың бергі жағында тұрып оқысам бола ма? Абылайхан Досымбаев.


Жауап

Уа алейкум ассалам. Үйіңіз мешіттің қасында болса, мешітке баруыңыз керек. Өйткені, намаз жамағатпен оқылған болып саналуы үшін төрт мәзһаб ғалымдары да мына екі шартты атап көрсеткен:  имамның істеп жатқан іс-әрекетінен хабардар болу мен жамағаттың бір-бірімен жалғасуы.

Имамды микрофон арқылы есту немесе тікелей эфирден бақылау бірінші шарттың орындалып тұрғанын көрсетсе де, жамағаттан бөлініп тұруыңыз екінші шарттың жоқтығын көрсетеді.

Егер мешіт іші лық толып, мешіт жамағаты онда сыймай, сіздің үйіңіздің шарбағына дейін асып кетсе, сол кезде сіздің шарбақтың арғы жағында тұрып, жамағатқа қосылып оқысаңыз болады. Ал, оған дейін жамағат үлесін алғыңыз келсе, мешітке баруыңыз керек.

Ең дұрысы Аллаға мәлім!

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

Пікірлер Кіру