Макияждан кейін алынған дәрет жарамды ма?

25 қаңтар 2019 13746 0
Оқу режимі

Сұрақ

Сәлеметсіз бе? Макияждан кейін алынған дәрет жарамды ма? Боялған тырнақ жайында не дейсіз?  Сара.


Жауап

Сәлеметпіз!

Егер қолданып жатқан макияждық опа-далаптары су өткізбейтін қабат түзсе, онда оның үстіне алынған дәрет жарамсыз болады. Себебі, дәрет дегеніміз – жуу мен сүрту[1], яғни жуылуы керек жерлерді жуып, сүртілетін жерді сүрту болып табылады.

«Әл-Бахрур-Раиқ» кітабында дәреттің анықтамасы жайында: «Үш мүшені (толық) жуу, бастың төрттен бірін сүрту»[2] делінген. Міне, бет – жуылуы міндетті болған осы үш мүшенің бірі. Оған міндетті түрде су тиюі керек. Ол жерге су өтпесе, суға тосқауыл болатын нәрсені кетіру керек.

Ал, егер опа-далап суға тосқауыл болатындай қабат түземесе, астына суды өткізетіндей болса, онда оны кетіру міндетті емес. Тырнаққа қатысты айтарымыз да дәл осы. Ең дұрысын Алла біледі!

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

Тегтер: макияж бояу
Пікірлер Кіру