Пластикалық операция жасатуға бола ма?

19 шілде 2019 14459 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Ислам діні пластикалық операцияға қалай қарайды? Алдын ала рахмет!


Жауап

Шариғат бойынша, күйіктен немесе жарадан қалған жағымсыз тыртықтарды кетіру яки бетте немесе денеде пайда болған артық ағзаларды алып тастау секілді мәжбүр жағдайларда ғана пластикалық операцияға рұқсат етіледі. Ардақты Пайғамабарымыздың (с.а.у.) заманында Урфажа (р.а.) деген сахаба соғыс майданында мұрны кесіліп, орнына күмістен мұрын жасатады. Бірақ, күмістен жағымсыз иіс шыққандықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у) Урфажаға мұрынды алтыннан жасатуға рұқсат берді.[1] 

Ал, тек әсемдік үшін немесе табиғи кәрілікті жасыру  мақсатында пластикалық операция жасату «құдайдың жаратылысын өзгерту» болып есептелетіндіктен, шариғатта бұған тыйым салынады.

[1] Тирмизи, Либас -31.;  Diyanet Ilimhali, 2-том, 83 бет.; http://www.islamweb.net
Пікірлер Кіру