Ислам қабылдау үшін адамға ғұсыл алу уәжіп пе?
27 ақпан 2020
9563
0
Оқу режимі
Ассалаумағалейкум! Алла істеріңізге береке берсін! Сіздерден сұрайын дегенім, Ислам дінін қабылдайын деп жатқан адамның ғұсыл алуы шарт па?
Жауап
Уа алейкум ассалам! Ғұсыл – Ислам дінін қабылдау үшін міндетті іс емес, тек ғұсылды талап ететін амалдарда ғана қажет. Өйткені, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабаларына Ислам дінін қабылдаған уақытта ғұсыл алуға әмір етілмеген.
Алла елшісі (с.ғ.с.) Муаз ибн Жәбәлді Иемен қаласына адамдарға дін үйрету үшін жібергенде адамдарды «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі» деп күәлік етуге шақыр деп бұйырған болатын. Осы жерде ескере кететін жайт, егерде ғұсыл алу міндетті болғанда, оған міндетті түрде бұйыратын еді.
Алайда, дінді жаңа қабылдаған кісіге ғұсыл алу – мустахаб[1].
Дінмұхаммед Сманов
Пікірлер
Кіру