5338
0
Оқу режимі
Сәлеметсіздерме! 2019 жылы 21 июньде жұма уақытында қызым шетінеді. Яғни қызым туар алдын бір күн бұрын ішімде жатып қайтыс болып кетті. Өзім өлім аузынан қалдым. Аллаға шүкір маған Аллаһым екінші мәрте жарық дүние сыйлады. Тірі қалдым. Менің маткамды полный алып тастады. Мен енді ешқашан бала көтере алмаймын. Оны мен күйеуіме айттым. Ол сразу маған ажырасамыз себебі маткаң жоқ деді. Біз заңды түрде ажырастық. Біз сүйіп қосылдық. Оны сыйладым. Сіз деп құрмет көрсеттім. Бірақ сүйген адамымнан осындай арсыздық әрекет күтпедім. Менің сұрайын дегенім, ер адам өзінің некелі әйелі үшін Алла алдында жауап береді емес пе? Әйелің - ол Алланың берген аманаты емес пе? Өз әйелін осылай зар жылатып қойып, бақытты бола ма? Рахмет алдын ала.
Жауап
Автор: Гүлдана
Пікірлер
Кіру