Бала түнде дұрыс ұйықтау үшін не істеу керек?

08 қазан 2020 9474 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум!: Дүниеге келген нәрестеге түнде ұйқысы дұрыс болуы үшін қалай дем салса болады? 


Жауап

Уағалейкумассалам! Ардақты Алла елшісі (с.ғ.с.) немерелері Хасан мен Хусейнге былай деп дұға еткені айтылады:

«У’изу-кумә би-кәлимәти-Лләһи-т-тәммәти мин кулли шәйтанин уә һәммәтин, уә мин кулли ‘айнин-ләммәһ!»

Аудармасы: «Алланың кәміл сөздерімен Ол сендерді кез келген шайтаннан әрі түрлі зиянкес жәндіктерден және сұқ  көзден сақтасын деп, Оған сыйынамын!»

Жоғарыдағы дұғаны ата-анасы оқыса болады. Бұған қоса «Ықылас», «Фалақ», «Нас» секілді сүрелерді оқып тұрса нұр үстіне нұр.

Пікірлер Кіру