«Көктал» мешітінде жамағатқа рухани-психологиялық кездесу өтті
21 сәуір 2026
48
0
Оқу режимі
«Көктал» мешітінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жамағатқа «Суицидтің алдын алу» тақырыбында арнайы кездесу өтті.
Жиынға «UMC Ана мен бала» медициналық орталығының психологы Гүлбарам Қасенқызы арнайы шақырылып, қоғамда өзекті болып отырған психологиялық денсаулық мәселелері бойынша кеңінен түсіндірме жасады.
Кездесу барысында соңғы уақытта қоғамда жиі көтеріліп жүрген психологиялық қиындықтар, соның ішінде суицид мәселесі жан-жақты талқыланды. Ұзаққа созылатын стресс, жалғыздық сезімі, депрессия, отбасылық және әлеуметтік қиындықтар турал айтылып, оның шешілу жолдары қарастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырып бойынша сұрақтарына жауап алды.



Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру