«Раиса ана» мешітінде салтанатты жиын өтті

21 сәуір 2026 137 0
Оқу режимі

«Раиса ана» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Құранмен нұрланған жүректер» атты рухани іс-шара өтті.

Салтанатты жиынның мақсаты – қатысушылардың Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және жүректерге иман нұрын ұялату.

Іс-шара барысында қасиетті Құран аяттары оқылып, олардың мағыналары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, қатысушыларға тағылымды ойлар мен уағыз-насихат айтылды. Түрлі танымдық ойындар ұйымдастырылып, қатысушыларға сый-сияпаттар табысталды.

Кештің ерекше сәттерінің бірі – Құранды меңгерген қыздарға сертификаттар мен Құран кітаптарының табысталуы және тәж кию рәсімінің өткізілуі болды.

Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, рухани әсерге бөленіп, жылы көңіл-күймен тарқасты.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру