ЗІКІР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

22 тамыз 2024 1890 0
Оқу режимі

Сұрақ: Зікір дегеніміз не?


Жауап

Жауап: Зікір дегенміз арабтың «закара» сөзінен шығады. Мағынасы бір нәрсені еске түсіруоны тілге алу. Ал енді дінде «зікір» – Алланы еске алу, Оның ұлылығын жүрекпен сезіну және Құран мен хадистерде келген сөздерді көптеп тілмен айту.

Ғалым ар-Рази Алланы зікір етуге қатысты мынадай анықтама берген: «Алланы тілмен зікір ету дегеніміз, Алланы пәктейтін және Оған мақтау айтып, Оны ұлықтайтын сөздерді айту».

Ал енді Алланы жүрекпен зікір ету – Алланың жаратқан жаратылысына, Оның құдіреті мен ұлылығына дәлел болатын құбылыстарға қарап, ой жүгірту. Сондай-ақ Алла Тағаланың адам баласына әмір қылған бұйрықтары мен оның үкімдерін зерделеу және Алланың жоқтан бар қылған мақұлықаттарының сырларын тамашалау:

«Алланы тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр хәлде) еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!» (деп тілейді)» (Әли Имран: 191).

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

 

Автор: Қожанов Қасым

Пікірлер Кіру