Намаз туралы жалпы мәлімет
Намаз

Намаз – сөздікте «дұға ету», «жақсы дұға ету» деген мағынаны білдіреді.

Шариғатта намаз – тәкбірмен басталып, сәлеммен аяқталатын, ерекше қимыл-қозғалыстар мен сөздерден

Намаз парыз болу үшін не шарт?

1. Мұсылман болу;

2. Балиғат жасқа толу (физиологиялық түрде ер жету, бой жету)

3. Ақылы толық болу.

Намаздың қандай түрлері бар?

– Парыз

1Парыз айн (бес уақыт пен жұма намаздары); әр адамның міндетті болған, әрі әр адам өзі үшін оқитын намаз.

Парыз кифая (жаназа намазы); көпшіліктің ішінен бір топ адам оқыса жеткілікті, алай сол топ міндетті түрде оқуы керек намазы;

  • – Уәжіп (үтір мен айт намаздары). Оны да оқу міндетті
  • – Сүннет (парыз бен уәжіптен тыз намаздардың бәрі). Оларды оқығанға мол сауап бар. Оқымағанға күнә жоқ, дегенмен шапағаттан мақұрым қалу қаупі бар, олар:
  • 1) Рауатиб сүннет намаздар (бес уақыт парыздардың қасында оқылатын, жұма намазының қасында оқылатын намаздар);
  • 2) Мәндуб сүннет намаздар (рауатиб сүннеттерден тыс намаздар: духа, мешіт сәлемі, асыр намазының алдындағы сүннет т.б.))
Намаздың шарттары (сыртқы парыздары):

– Намаз оқитын жердің және киімнің тазалығы;

– Дененің тазалығы (ғұсыл мен дәреттің болуы);

– Әуретті жабу;

– Құбылаға қарау;

– Уақыттың кіруі;

– Ниет ету.

Намазға тұрар алдын бұлардың барлығы бірдей болуы керек. Егер қайсы бірі болмаса оны толықтау қажет. Кері жағдайда намаз дұрыс болмайды

Намаздың рүкіндері (ішкі парыздары):

Такбир тахрим (намазға кіру тәкпірі);

Қиям (Тұру);

Қырағат (Құраннан бір нәрсе оқу);

Рукуғ

Сәжде

Ақырғы отырыс

Бұл істердің де барлығы бірдей болуы керек. Егер қайсы бірі тасталынып кеткен жағдайда намазды қайта оқу керек болады.

Намаздың уәжіптері

Намазды «Аллаһу Акбар» деп «Алла» есімінің қасына ұлықтық мағынасын білдіретін сөз қосып бастау;

Фатиха сүресін оқу;

Парыз намазының алғашқы екі рәкәтінде Фатиха сүресінен кейін бір сүре немесе бір сүре көлеміндей аят(тар) оқу;

Фатиханы қосымша сүре алдында оқу;

Күндізгі оқылатын намаздарды (бесін, асыр намаздарының парыздары мен сүннеттерін) және түнгі (ақшам, құптан) намаздардың екінші рәкәттан кейінгі рәкәттарды дауыстамай оқу;

Жамағатпен оқылатын намаздардан бамдат, жұма, айт, тарауих және үтір намаздарының әрбір рәкәтында және ақшам мен құптан намаздарының алғашқы екі рәкәтында жария оқу, ал бесін мен намаздыгер намаздарының барлық рәкәттарында және ақшам намаздарының үшінші және құптан намазының соңғы екі рәкәтында іштен оқу;

Үтір намазында «құныт» дұғасын оқу мен құныт тәкбірін алу;

Сәждеде маңдаймен бірге мұрынды да жерге қою;

Әр отырыста (екі рәкәттан кейінгі және соңғы отырыстарда) «әт-тахият» дұғасын оқу;

Үш немесе төрт рәкәттық намаздардағы бірінші отырыс;

Екі айт намазындағы әр рәкәттың қосымша үш тәкбірі;

Намаз ішінде оқылған сәжде аяты үшін «тиләуәт» сәждесін жасау – уәжіп;

Намазда жаңылысып немесе ұмытып қалып қойған уәжіптер үшін сәһу сәждесін жасау;

Намаздардан кейін сәлем беру;

Егер намаз барысында уәжіп амалдардың бірі немесе бірнешеуі жасалмаса, намаздың соңында (өзі болса «ат-тахият» пен салауатты оқып екі жаққа, имам болса тек «ат-тахиятты» оқып бір жаққа) сәлем береді де, артынша екі рәкәт сәһу сәждесін жасап, қайта «ат-тахият» пен салауатты оқиды да сәлем береді. Сөйтіп намазды тамадайды.

Намаздың сүннеттері:

– Бес уақыт намаз бен жұма намазы үшін азан айту (ер адам үшін);

– Парыз намаздардың алдында қамат айту (ер адам үшін);

– Ифтитах (бастау) тәкбірі үшін қолды көтеру;

– «Субханака» дұғасын оқу;

– Әуелгі рәкатта «Фатихадан» бұрын іштей «Ә’узу мен Бисмилләні» оқу;

– Кейінгі рәкәттарда «Фатихадан» бұрын «Бисмилләні» оқу;

– «Фатихадан» кейін іштей «әмин» деу;

– Имам үшін тәкбірлер, рукуғтен тұрғанда «сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ» сөзі мен намаздың соңында екі жаққа дауыстап сәлем беру

– Имамға еруші адам рукуғтан тұрғанда іштей «Аллаһумма Раббәнәә уә ләкәл-хамд» деп айтуы;

– Рүкүғ пен сәждеге барарда және тұрғанда «Аллаһу Акбар» деу;

– Рукуғта 3-5-7 рет «Субхана Рабби әл-’Азим» деу;

– Сәждеде 3-5-7 рет «Субхана Рабби әл-А’лә» деу;

– Сәждеге бара жатқанда алдымен тізелерді, одан кейін қолдарды, одан кейін маңдайды жерге тигізу;

– Қиямда (түрегеп тұрғанда) екі аяқ арасын иықтың көлеміндей ашық ұстау;

– Сәждеге бара жатқанда алдымен тізелерді, одан кейін қолдарды, одан кейін маңдайды жерге тигізу;

– Сәжде отырыстары мен тәшәһһүд отырыстарында сол аяғын жерге жатқызып, оң аяғын тік ұстап, саусақтарын құбылаға қарату;

– Әт-тахияттағы «Ләә иләһә» деген жерге келгенде оң қолының сұқ саусағын көтеріп, «иллаллаһ» деп, қайта түсірілуі;

– Парыз намаздардың үшінші, төртінші рәкаттарында «Фатиха» оқу;

– Парыз, уәжіп және мүәккәд сүннеттердің соңғы отырыстарында және бекітілмеген сүннет пен пәпіл намаздардың да әрбір отырыстарында әт-тахияттан кейін Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту;

– Сәлемнен бұрын дұға оқылуы – сүннет;

– Намаз соңында алдымен – оңға, сонан соң – солға сәлем беру;

– Намазда алдына өзгелер кедергі келтірмес үшін зат қою;

– Намазда жамағатпен оқу.

Намазда бұлардың қайсы бірі жасалмаса намаз бұзылмайды, сәху сәжде де жасалмайды.

Намаздың бұзылуына әкелетін нәрселер:

– Намаз барысында сөйлеу (сөйлесу);

– Тамақ жеу, су ішу;

– Намаз жынысынан тыс көп қимыл жасау;

– Бүкіл денемен құбыла бағытынан бұрылу;

– Әурет жердің ашылып қалуы;

– Дәреттің бұзылуы;

– Дауыстап күлу;

– Дауыстап күлу;

– Намаздың ішкі не сыртқы парыздарынан бір немесе бірнешеуінің тасталуы (жасалмауы);

– Әйелмен сүйкеніп тұрып намаз оқу;

– Намаз бітпестен сәлем беру немесе басқа шаруасымен тұрып кетіп қалу;

бұлардың қайсы бірі байқалса намаз бұзылады. Ол намазды қайта оқу керек болады.

Намаздың мәкрүһтері:

Намаздағы мәкрүһтер – тахрим мәкрүһ (харамға жақын) және тәнзиһ мәкрүһ (харамнан қашық) болып екіге бөлінеді. Намазда бір уәжіпті тәрк ету – тахрим мәкрүһ болса, қайсы бір сүннетті тәрк ету – тәнзиһ мәкрүһ болады.

– Жоғарыда келтірілген намаз уәжіптерінің бірін әдейі тәрк ету (мысалға Фатиханы оқымау, қосымша сүре, ат-тахиятты оқымау т.б.)

– Екінші рәкатты бірінші рәкатқа қарағанда ұзақ оқу;

– Намаздың сүннеттерінің бірін әдейі тәрк ету (мысалы: «Субханака» дұғсын, рукуғтегі «Субхана Рабби әл-’Азим» сөзін немесе сәждедегі «Субхана Рабби әл-’Алә» сөзін айтпау т.б.)

– Намазда себепсіз бір-екі қадам жүру;

– Қырағатта сүрелердің кезекпен оқылмауы (мысалы: бірінші рәкәтта «Нас» сүресін оқып, одан кейін «Ықылас» сүресін оқу тәрізді);

– Бір рәкатта бір сүренің екі рет оқылуы немесе парызда екі рәкатта да «Фатихадан» кейін дәл бірдей сүрені қайталап оқу;

– Намаз ішінде қолымен киім, дене, сақалымен ойнауы;

– Намазда қолды себепсізден-себепсіз тұруы керек жерге қоймау;

– Намазда бит, шыбын, т.б. өлтіру, қуалау;

– Ерлердің сәждеде шынтақтарынг жерге тигізуі;

– Намазда керілу немесе есінеу;

– Намазды күл-қоқыста, мал сойылған жерде, мазарда, жол шетінде, моншада, түйе қорада және қағбаның үстінде оқу;

– Намазды күл-қоқыста, мал сойылған жерде, мазарда, жол шетінде, моншада, түйе қорада және қағбаның үстінде оқу;

– Саусақтарын бір-бірімен айқастыру, шытырлату;

– Имамнан бұрын рүкүғ немесе сәждеге бару;

– Жанған отқа қарай намаз оқу;

– Арасында ешқандай пердесіз бір адамның жүзіне тікелей қарап намаз оқу;

– Уақыт бола тұрса да үлкен немесе кіші дәретке қысылып тұрып намаз оқу;

– Таза киімі бола тұрса да, кір киіммен оқу;

– Адам немесе жан-жануардың суреті бар киіммен намаз оқу немесе мұндай матаға сәжде ету;

– Намаз оқыған адамның төбесінде, алдында, оңы мен солында жанды нәрселердің суреті тұруы;

Намаз практикасы

Бес уақыт намаздың парыздары мен сүннеттерінің саны:

Таң (бамдат) намазы:

– 2 рәкәт сүннет;

– 2 рәкәт парыз.

Бесін намазы:

– 4 рәкәт сүннет;

– 4 рәкәт сүннет;

– 4 рәкәт сүннет;

Асыр (екінті/намаздігер) намазы:

– 4 рәкәт парыз.

Ақшам (шам) намазы:

– 3 рәкәт парыз;

– 2 рәкәт сүннет

Құптан намазы:

– 4 рәкәт парыз;

– 2 рәкәт сүннет;

– 2 рәкәт сүннет;

Жұма намаз:

– (Азаннан кейін, хутбаға дейін) 4 рәкәт сүннет;

– (Хутбадан кейін) 2 рәкәт парыз;

– 4 рәкәт сүннет.

Жұма намазын оқыған адам бесін намазын оқымайды.