Абдиров Өркен Құрманәліұлы

16 желтоқсан 2018 5702 0
Оқу режимі

1996 жылы 9-қыркүйекте Түркістан облысы, Отырар ауданы, Көксарай ауыл әкімшілігі, Шеңгелді ауылында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультетін тәмамдаған.

Аллаһуммә салли 'алә Мухаммадин уа 'алә әли Мухаммад!

Мәрт мезет мәуліттің айы,
Туғанда жамағат-жайсаң,
Қыламыз дұғаны дәйім
Қол жайып салауатты ынсан.

Тағдырдың тарамысында,
Зауласа көші наланың,
Жанымның жаралысында,
Өзіңді есіме аламын.

Кеудеме толғанда шерім,
Шегімді болжаймын әлсін.
Өзімді көргенде керім,
Келеді шәрпіңнен даусың.

Жалғанда жетім қозыдай,
Жамырап қалғанда жадау.
Саф ауа самал сазындай,
Сөздерің жүрекке жамау.

Қуанып, көзге жас алсам,
Шүкірді салғансың еске.
Адамның абзалы жалғыз
Тек өзің болғансың, әсте.

Жаратқан жіберген жарық,
Нұрыңның нарқы ғаламат.
Тілерім таямай тамұқ,
Өзіңе ерсін жамағат!

Нұр толы көзіңді көрген,
Бақытты достарың неткен.
Таулардың тасына шейін,
Тірлікте өзіңді үлгі еткен.

Сағынып көрмесек тағы,
Құмбылмыз көрші болуға.
Келеді мииллиард жаны,
Бақ құшып елші жолында.

Мәрт мезет мәуліттің айы,
Туғанда жамағат-жайсаң.
Қыламыз дұғаны дәйім
Қол жайып салауатты ынсан.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру