АДАМНЫҢ СЫРТ БЕЙНЕСІ АЛДАМШЫ...

18 қараша 2026 99 0
Оқу режимі

Ой саларлық ғибратты әңгімеміз - Испаниядағы ірі ресторандар жүйесінің иесі - Дон Монтеро есімді кең жүректі кәсіпкерге арналады.

Ол жағдайын жасап, әбден байыған соң жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға көмек беруді мақсат етеді. Бір күні жағдайы жоқ жандардың жанын түсіну үшін өзі қайыршы кейпіне еніп қала аралауға шығады.

Алдымен, осы кейпінде өз мейрамханаларына кірмек болады. Не болады дейсіз ғой...

Өзі жұмысқа алған мейрамхана администраторы «бомж» сияқты киінген Монтероға дереу мейрамханадан шығуын бұйырады. Ал бұл қарны аш екенін, көп уақыттан бері тамақ жемегенін айтып жалынады.

- Басты қатырмай, шық! Алдымен жуынып кел, киіміңді ауыстыр, сосын келіп басқалардың тамақ жегеніне қарасаң болады... Бұл элиталық ресторан, сен сияқты бишараларға кіруге рұқсат жоқ, - деп өз бастығын қуып шығады.

Мәссағааан... Монтеро мұндайды күтпеді! Басқа қызметкерлеріне үмітпен қарады. Жоқ... олар да админ ханымның сөзін сөйлеп әлек... Бәрі біз ауыздан: ШЫҚ!, - деп тіл қатады.

Содан Монтеро екінші мейрамханасына бет бұрады. Өзі жұмысқа алған, қасында үнемі үндемей жүрген момын аспаз:

 «Егер қарның аш болса, мейрамхананың артқы жағына барып, кешеден қалған тамақтарды ал, сол жерден қарныңды тойдыр. Бұл сенің өміріңдегі жеген ең жақсы тамақ болуы мүмкін, ХА-ХА!»,- дейді кекетіп...

Осы сәтте Монтеро үшін аспан айналып, ЖЕРГЕ түскендей күй кешеді.

Сосын ол ең алғаш ашқан орталығына барады. Бұл мейрамханаға сенімді әрі адал серігі, әрі көмекшісі Томасты отырғызып қойғанды. Томас мейрамхана ашылғаннан бері ең сенімді досы, оң қолы еді.

Ол Томастың қасына жақындап, «Менің қарным ашып тұр, алақандай болса да тамақ бересіз бе?»,- дейді жалынып...

Томас: «Бұл жер саған арналмаған, тек қалталы адамдарға арналған. Басқа жақтан тамағыңды тойдыр!», - деп кесіп айтады...

Монтеро: «Менде бұрын бай болдым. Бизнесім банкрот болып, қазір осындай күйге түстім. Осы мейрамхананы құрған адам өте қайырымды деп естіген едім».

Томас: «Сен сияқты бомждарға орын жоқ! Қай қайырымды бастықты айтып отырсың? Бұл мейрамхана кейін менікі болады, ұқтың ба?! Сосын сен сияқтыларды мүлдем жолатпаймын!», - дейді...

Монтеро көмекшісінен әрине бұндайды күтпеді. Ащы өксік көмейіне тығылды... Барлық жерде бір жағдай қайталана берді((

Ең соңында тағы бір мейрамханасына соқты. Бағанағы жағдайлардың 100% қайталанатынына сенімді еді. Жоооқ, олай болмады.

Есіктен кірген Монтероны администратор өте сыпайы қарсы алды. Монтеро қарны ашқанын, тамақ жегісі келетінін, бірақ ақшасы жоқ екенін айтты.

Админ: «Күте тұрыңыз, орын босасын. Босағанда сізді шақырамын, жақсы ма?», - деді.

Монтеро сыртта күтті. 1,5 сағат күткен соң, ол сыпайы түрде мейрамханадан шығарып жіберген ғой деп үміті үзілді. Дәл сол кезде оны ішке шақырды. Ішке кірсе, арнайы үстел дайындап қойыпты, үсті толған тамақ!

Монтеро тамақ ішіп отқанда, админ қасына келіп, өзінің басынан өткен оқиғаларымен бөліседі.

«Есімім - Мохео. Осы жерде жұмыс істеп жатқаныма 2 жыл болды. Бұрын табысты кәсіпкер болдым. Бәрі жақсы болып келе жатқанда әйелім көлік апатынан қайтыс болды. Одан кейін банкрот болып, ішімдікке салындым. Үйсіз қалдым. Бірде қарным ашып, осы мейрамханаға келдім.

Мейрамхана қожайыны мені қумады. Өте мейірімді кісі. Тамақ берді. Жұмыс берді. Міне, көріп отырсыз, адам болып кеттім. Сізде ертең келіңіз. Бір жұмысты қарастырайын. Жағдайыңызды біліп, түсініп отырмын ғой», - деп жылы сөзін аяқтады...

Монтероның есіне түсті. 2 жыл бұрын көмек сұрап келген бұл жігітке қол ұшын созған еді... Қайырымы болғаны ғой!

Ертесі Монтеро жұмысқа келіп, РЕВОЛЮЦИЯ жасады. Статусқа қарай сөйлесетін қызметкерлермен қоштасты. Томасты шығарып, орнына Мохеоны қойды.

Иә, бұл шын мәнінде Испанияда болған оқиға.

 

Зарина ӘШІРБЕК

 

Пікірлер Кіру