АДАМНЫҢ ЖАРАТЫЛУЫ

03 қазан 2023 2486 0
Оқу режимі

 Дүниедегі алғашқы адам – Хазреті Адам атамыз бен Хауа анамыз. Алла тағала Адамды топырақтан жаратқан. Оған Өз рухынан үрлеп, жан берді. Сонда барлық періштелер Алла тағаланың әмірімен Адамға тағзым етіп, алдында иіліп, құрмет сәждесін жасаған еді. Бірақ Ібіліс өзін Адамнан жоғарымын деп көкіректеніп, сәжде етпегені үшін Алланың мейірімінен қуылған.

       Адамның жауырынынан хазреті Хауаны да жаратқан.

       Жәннатқа орналастырған осы алғашқы екі пендесіне Ұлы Жаратушы бір ағаштың жемісін жеуге тыйым салды. Қызғаншақтығынан күйіп жанған шайтан жолын тауып, оларға сыбырлап жақындады да: «Раббыларың сендерді осы ағаштан, екеуің періште болып кетеді немесе мәңгі қалып қояды деп қана тыйған» - деді.

       Олар шайтан жақсылық істейді деп ойлап, тыйым салынған ағаштың жемісін жеді де, Алла тағаланың азабына душар болды. Кейін Алла тағаланың мейірімі тасып, оларға мына дұға сөздерін үйретті:

       «Ол екеуі «Раббымыз, біз өзімізге зұлымдық істедік. Егер сен бізді жарылқап, мархабатыңа бөлемесең, сөзсіз, зиян етушілерден боламыз» - деді» («Аьраф» сүресі, 23-аят).

       Хазреті Адам мен Хауаның дұғасы қабыл болды, бірақ жәннат өмірінің орнына, алдымен дүниеде қиыншылыққа толы сынақтан өтіп, ақырет күні қатаң есепке тартылған соң жәннатқа кіре алатындай етіп, дүниеге түсірілді. Осылайша Адам мен Хауа және олардың дүниеге келген балаларымен көбейген адам өмірі жер бетінде басталған болды.

       «Ант етеміз! Біз адамды балшықтың маңызынан жараттық. Одан соң оны берік орында (жатырда) шәһуәт тамшысына айналдырдық. Одан соң сол тамшыны аләқаға (ұрықтанған жұмыртқаға) айналдырдық. Артынан әлақаны кесек етке айналдырдық. Содан соң осы бір шайнам етті сүйекке айналдырдық. Сүйектерді етпен қаптадық. Соңында оны басқа бір жаратылыспен адм халіне айналдырдық. Жасап жаратушылардың ең күштісі    Алла аса ұлы» («Муминун» сүресі, 12-14-аяттар).

       «Мен жындарды және адам баласын тек Маған құлшылық етулері үшін ғана жараттым» («Зәрият» сүресі, 56-аят).

 

 

Пікірлер Кіру