ӘҺЛИ СҮННЕТ СЕНІМІНЕН АЙНЫМАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

12 ақпан 2024 1784 0
Оқу режимі

قَالَ اللّٰهُ تَعَالَى: وَأَسِرُّوا قَوْلَكُمْ أَوِ اجْهَرُوا بِهِ إِنَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ. (سورة الملك، 13)

Алла Тағала былай дейді: «Қаласаңдар айтар сөздеріңді іштеріңе бүгіп қалыңдар, қаласаңдар, ашық айтыңдар. Өйткені Алла көкіректегі бар сырды біледі». (Мүлк сүресі, 13-аят)

Имам Раббани (қ.с.) Мәктубатында былай дейді:

«Әр мұсылманға уәжіб болған бірінші қажетті міндет сенімін әһли сүннет уәл-жамағат ғұламаларының ұстанымына сай келтіру» (т. 1, б. 193).

«Сенімнің әһли сүннет уәл-жамағат мәзхабының итикади негіздеріне құрылуы және бұл тұрғыда пәленше не депті, түгенше не депті деп те қарамаған жөн» (т. 1, б. 251).

«Уағыз бен насихаттың түп негізі дінге, шариғатқа бекем болған адамдармен бірге болу.

Дін мен шариғатқа толық бекем болу әһли сүннет уәл-жамағат жолымен жүруге байланысты, олар өзге тармақтардың ішінде оттан (тозақтан) құтылған қауым. Әһли сүннет уәл жамағаттың ғалымдарының соңынан ермей құтылу мүмкін емес және олардың пікіріне қосылмай бақытқа жету де мүмкін емес...

 Әһли сүннет ғұламаларының жолынан тары мөлшеріндей тайқыған адамның сұқбатының улы екеніне, ал онымен бірге отырудың улы жыланмен қатар отырғандай қауіпті екеніне даусыз сену қажет» (т. 1, б. 213).

Жақсылап біліп алыңдар, бидғатшымен бірге болудың тигізер кесірі кәпірмен бірге болғаннан да зиянды. Бүкіл бидғатшының ең жексұрын, жаманы Расулуллаһтың (с.а.у.) сахабаларына дұшпандық еткен қауымдар» (т. 1, б. 54).

«Сенімнің ластануы мынау – әһли сүннет сеніміне қайшылық, бұл өмірге қауіпті у. Ол адамды (егер бидғаты күпірге жетсе) мәңгі өлімге шексіз азапқа апарады. Амалдағы кемшіліктер мен жалқаулық кешіріледі деген үміт бар, бірақ сенімдегі қателіктер кешірілуі мүмкін емес» (т. 2, б. 67).

«Жүректі Алладан басқаны жақсы көру сияқты керексіз татты тазалап, жалтыратып қою керек. Ал ол таттан тазарту жолы Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.у.) сүннетінен титтей де айнымау» (Мәктубат Имам Раббани, Фзилет баспасы, т. 1, б. 42).

Пікірлер Кіру