ӘКЕМ ТІРІ, АҒАМ ІРІ БОЛДЫ

25 қыркүйек 2023 3129 0
Оқу режимі

Шоңға сәлем берем деп Байдалыньің бір жас баласы келіпті.        

-       Қай баласың? — дейді Шоң.

—     Байдалының баласымын,— дейді бала.

—     Байдалының мен көрмеген қай баласысың?

—     Жалға жүріп бұланбаған баласымын,

Топқа түсіп сыналмаған баласымын.

Әкем тірі болды, ағам ірі болды,

Сондықтан билік құра алмаған баласымын,— дейді.

Сонда Шоң балаға тура қарап: «Қасқа айғырдың баласы қасқа тумаса да, төбел туады» деген осы екен- ау»,— депті.

 

 

Пікірлер Кіру