АЛЛА АРДАҚТАҒАН АРАФА КҮНІ

26 маусым 2023 4167 0
Оқу режимі

«Арафа» немесе «арапа, арапат» деп білінетін күн біздің қазақ халқымызда айт мерекесіне дайындалатын, дастарханға түрлі тәтті тағамдар пісіріліп, үй тазаланып, қонақтарды күтуге әзірленетін күн ретінде білінеді.

Бірақ кейде жаңылысып ораза айттың алдындағы күнге де арапа деп жатамыз. Арапа тек құрбан айттың алдындағы, яғни хижри жыл санағындағы Зул-хиджа айының тоғызына сай келетін күн. Бұл күнде қажылық парызын орындап жүрген адамдар Арафа тауында жиналып сонда дұға-мінәжаттарын жасайды, сол үшін осы күн Арафа күні деп аталады.

Биыл арапа күні маусым айының 27-не тура келеді.

Арафа күні қасиетті күн, Алланың алдында қасиеті үстем. Ол күннің қасиетін арттыратын себептер мұнда:

Арафа күні қасиетті айлардың ішінде. Алла Тағала бұл қасиетті айлар туралы Құранды былай дейді: إِنَّ عِدَّةَ الشُّهُورِ عِنْدَ اللَّهِ اثْنَا عَشَرَ شَهْرًا فِي كِتَابِ اللَّهِ يَوْمَ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ مِنْهَا أَرْبَعبَعَةٌ حُرُمٌ  «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұл айлардың төртеуі қасиетті айлар» (Тәубә 36).         

Бұл қасиетті айлар – Зул-қағда, Зул-хиджа, Мухаррам және Ережеп. Арафа күні Зул-хиджаның ішіне кіреді.

Арафа күні – қажылық айларының ішіне кіреді. Алла Тағала қажылық айлары туралы Құранда: الْحَجُّ أَشْهُرٌ مَعْلُومَاتٌ «Қажылық–белгілі айлар» (Бақара 197) дейді. Ал қажылық айлары болса – Шәууәл, Зул-қағда және Зул-хиджа айлары.

Арафа – Алла Тағала Құран кітабында ұлықтаған белгілі күндердің бірі. Алла Тағала Құранда айтты: لِّيَشْهَدُوا مَنَافِعَ لَهُمْ وَيَذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ فِي أَيَّامٍ مَّعْلُومَاتٍ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُم مِّن بَهِيمَةِ الْأَنْعَامِ ۖ فَكُلُوا مِنْهَا وَأَطْعِمُوا الْبَائِسَ الْفَقِيرَ «Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіңдер» (Хаж 28). Ибн Аббастың (р.а) айтуы бойынша бұл белгілі күндер – Зул-хиджаның он күні.

Арафа – Алланың ант еткен он күннің бірі. Алла Тағала Құранда осы он күнге ант етіп: وَلَيَالٍ عَشْرٍ «Он түнмен ан етемін» (Фәжр 2) деді. Ибн Аббс (р.а.) бұл он күн Зул-хиджаның он күні дегені жетті. Ибн Касир (р.а) бұл риуаяттың дұрыс екенін айтқан.

Арафа күні амалдары өзге күндерге қарағанда ерекше сауапқа қол жеткізетін он күнге кіретін күн. Бұл туралы Имам Бухари мына хадисті жеткізеді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с): Алла Тағалаға бұл күндерде істелген ізгі амалдан жақсырақ амалдар жоқ»-дейді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Алла жолындағы күрес те ме?»-деп сұрайды. Алланың Елшісі : «Алла жолында күрес те тең келмейді, тек жанымен, малымен жорыққа шығып оның ешбірімен кері қайтпаған адам ғана басқаша»-деп жауап берді» (Бухари).

 Арафа күні Алла Тағала ислам дінін толықтап, нығметін тәмәдаған күн. Омар (р.а) мына оқиғаны баяндады: «Бірде яхудилерден бірі келіп оған: Әй, иман еткендердің әміршісі, кітаптарыңда (Құранда) оқып жүрген бір аят бар, егер ол аят, мына біздерге, яхуди қаумына түскенінде ол күнді мереке етіп жариялап алар едік,–деді. Омар (р.а): Қайсы аятты айтасың? الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمْ الْإِسْلَامَ دِينًا «Бүгін діндеріңді толықтадым және нығметімді тәмәмдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (Маида 3),–деді. Бұны естіген Омар (р.а) әлгі яхудиге: Біз бұл аяттың Пайғамбарға (с.ғ.с) қай күні түскенін өте жақсы білеміз. Ол күні жұма күні еді, Пайғамбар (с.ғ.с) Арафада тұрған кезі еді,–деп жауап берді. Арафа күнінің оразасының ерекшелігі.

Арафа күні Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ораза ұстауға қызықтырған тоғыз күннің бірі. Кей аналарымыздың (р.а) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) әрқашан Зул-хиджаның тоғыз күнінде, Ашура күнінде, әр айдың үш күнінде ораза ұстайтындығын жеткізген. Сонымен қатар Арафа күніне ғана тән болған ораза және бар. Ол туралы Имам Муслим (р.а) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): صيام يوم عرفة، إني أحتسب على الله أن يكفر السنة التي قبله و السنة التي بعده «Арапа күнгі ораза үшін өткен жылғы және келер жылғы (екі жылдық кіші) күнәларын кешіруді Алладан үмітпен тілеймін» дегенін жеткізген. Алайда бұл қажылықтағы адамдар үшін емес. Себебі олар үшін бұл күні ораза ұстау сүннет емес.

Қажылықтағылар үшін бұл күн мереке. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): يوم عرفة ويوم النحر وأيام منى عيدنا أهل الإسلام «Арафа күні, құрбан шалу күні және мина күндері біздің, ислам жұртшылығының мерекесі» деді. (Абу Дауд)

Арафа күнінің дұғасының ұлықтығы.

  • Пайғамбар (с.ғ.с): خير الدعاء دعاء يوم عرفة «Дұғалардың ең жақсысы Арафа күні жасалған  дұға» деген. Ибн Абдулбар (р.а) осы хадиске сүйеніп Арафа күнінің өзге күндерден артық екенін айтқан.
  • Бұл күні көптеген адам тозақтан шығарылады.
  • Пайғамбар (с.ғ.с): ما من يوم أكثر من أن يعتق الله فيه عبدا من النار من يوم عرفة «Алланың Арафа күніндегідей құлдарын тозақтан көптеп босататын екінші бір күн жоқ» деген. (Муслим)
  • Алла Тағала көктегілерге Арафадағылармен мақтанады. Пайғамбар (с.ғ.с): إن الله يباهي بأهل عرفات أهل السماء «Расында Алла көктегілерге (Арафа күні жиналған) Арафадағылармен мақтанады» деді. (Ахмад)

Қажылықтың негізі болған Арафа тауына жиналу. Қажылық парызын орындаушылар бұл күні қажылықтың негізгі парызы болған Арафа тауына жиналып, сонда ғибадаттарын жасайды. Егер бұл парыз орындалмаса қажылық дұрыс болмайды. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с): الحج عرفة «Қажылық ол – Арафат» деген. (Бухари, Муслим)

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру