АЛЛА ЕЛШІСІ (С.А.У)-НІҢ АЛТЫН ХАДИСІ

18 қазан 2023 1959 0
Оқу режимі

Алла Елшісі ған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде:

Пендені құтқаратын үш нәрсе, қирататын үш нәрсе, дәрежесін көтеретін үш нәрсе, күнәларын жуатын үш нәрсе бар.

Құтқаратын үш нәрсе:

-Оңашада да, жарияда да Алладан қорқу;
-Кедейлікте де, байлықта да жақсы ниетте болу;
-Разылықта да, ашуда да әділ болу.

Қирататын нәрсе:

-Қатты сараңдық;
-Созылмалы әуейілік;
-Өзіне-өзі таң қалу.

Дәрежені көтеретін үш нәрсе:

-Сәлемдесу
-Адамдарды тамаққа шақыру
-Жұрт ұйықтап жатқанда намаз оқу

Күнәні жуатын үш нәрсе:

-Суық түндерде дәрет алу
-Жамағат намаздарына бару
-Намаздан соң келесі намазды күту - деген

(Әбу Һурайра ған Алла разы болсын) риуаят еткен)

 

Пікірлер Кіру