AМАЛ ДӘПТЕРІ СОЛ ЖАҒЫНАН БЕРІЛГЕНДЕРДІҢ ӨКІНІШІ

12 желтоқсан 2023 2043 0
Оқу режимі

Дәптерін оң жағынан алатын болу үшін, кім-кім де өз нәпсісін және періштелерге жаздырған амалдарына хақ көзімен қарауға тиіс. Алла Тағала алдында өз ожданында өзінің есебін алып, соғай сай, “Әркім ертеңгі ақиреті үшін (не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл аударсын” деген мағынадағы Хашр сүресінің 18-ші аятының бұйрына лайық ертең, яғни ақыретке дайындалу қажет.

Ар-ожданында күн сайын Хаққа қарсы нәпсін қорғамаған адам ісінен сырт айналып, дәптерін, өз дерегін оқымай және кесірін ойланбай аузына келгенін айтып, қалай болса солай жаздырған демек. Сол секілді, ісін Алланың әмірі аясында дұрыс орындамаған, қисықты түзі, түзуді қисық қылуға тырысып, дәптерін жаман амал мен қарыз беттерге толтырған адам болса, дәптерін теріс ұстап, солдан жаздырған деген сөз. Періштелер тіркеген хаттама оған қарсы болған істі болғандай етіп көрсетеді. Ол өз тағдырын өзі жазған, алайда өзіне дұшпаннан бетер қараған, терс жолда жүргенін сол күні бір-ақ түсінбек.

Және амал дәптері өзіне сол жағынан берілген адам былай деп өкінеді: “Шіркін, мен есебнің қандай екенін білмегенімде ғой. Oларды білгеніме орай, одан бөлек азапқа ұшырмас едім. Шіркін, мына ажал; дүниедегі өмірден мақрұм қалушылық өмірімді баяғыда бітіргенде ғой. Яғни қазір өмірге қайта қол жеткізіп мұнша азапқа душар болмас едім.

Дүниеде қол жеткізген мал-мүлкім, байлығым, материалдық барым маған еш пайда бермеді. Мені мына ақырет азабынан құтылуға сеп болар қасиеті табылмады, құр бекерге жоқ болды”.

Осылай ертең өкінішке түспеу үшін ақыреттік өмірге жақсылап дайындалу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Сендердің ең қайырлыларың ақыреті үшін дүниені, не дүние үшін ақыретті естен шығармағандарың. (Қайырлыларың) екеуін де өз пайдасына шешкендерің. Өйткені сөз жоқ, дүние ақыретке себеп. Басқаларға салмақ салмақдар” деген.

Пікірлер Кіру