АНТ ЕТУДІҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ҮКІМІ МЕН ШАРТТАРЫ

14 қараша 2023 2340 0
Оқу режимі

Ислам қағидаларына сүйенер болсақ, ант ету жеке адамның өзіне байланысты. Яғни мүбаһ амалдарынан болып саналады. Алайда қажетсіз бола тұра, ант ету мен бұл амалды әдетке айналдыру құп көрілмеген. Сонымен қатар, көп ант ету Аллаға құрметсіздік деп саналған. Ал, жалған екенін біле тұра ант ету үлкен күнәлардан болып есептеледі.

Ханафи, Мәлики және Ханбали мәзһабтарында ант ету мүбәһ (міндеттелмейді), ал қажетсіз бола тұра ант етуге тиым салған (мәкруһ). Шафиғи мәзһабында ант етуге тиым салуымен қатар, қажетсіз жағдайда ант етпеу керектігі айтылады.

Сондай-ақ, Ханбали мәзһабы ант етілген орнына қарай үкімі де ауысатынына тоқталған. Бір кінәсіз адамды өлімнен араша алып қалу мақсатында ант ету уәжіп. Араздық және жанжалды тоқтату мақсатында ант ету мәндүп (Пайғамбарымыздың кейде істеп, кейде істемеген амалдары), мүбәһ (жасап-жасамауда ерікті) болған бір амалда ант ету мүбаһ. Харам (нақты тиым салынған амалды) орындауға ант етуде харам екенін айтқан.

Пайғамбарымыз бір хадисінде «Ант мүліктің қолдау табуына септігі тиеді, алайда берекетін жоғалтады» делінген.[Бұхари, Бүйу 25; Мүслим, Мусиккат 131] Сол себептен де саудада ант етуге ислам ғұламалары тиым салып, (мәкруһ) болған амалдар қатарына қосқан.

Ант етіп оны орындаудың үкімі, ант етілген мәселенің мақсатына қарай өзгереді. Айтар болсақ, уәжіп бір амалды орындауға немесе харам болған бір амалды орындамауға ант еткенде, орындау уәжіп болып саналады. Парызды орындамауға және харамды орындауға берілген антты жүзеге асыруға үзілді кесілді тиым салынған. Мүбәһ болған амалға берілген анттарды орындауда ислам ғұламаларының басым көпшілігі мүбәһ десе, кейбіреулері уәжіп деген. Басқа бір адамның бір амалды орындап-орындамауына берілген анттарды, өзінің орындап-орындамауы да жоғарыдағы үкіммен бірдей.

Сонымен қатар, пайдалы бір істе келісумен қатар берілген сөзді сенімді ету, өзіңе қарату мақсатында айтылған антты орындау да міндеттелген. [«Мәйда» сүресі, 89-аят; «Наһл» сүресі, 91-аят]. Алайда берілген антты орындауда жеке тұлғаның немесе қоғамның пайдасына кереғар болатын жағдайда және ант берген адам харам істі істеуге тиісті болған жағдайларды антты бұзып кәффарат өтегені абзал. Мәселен, қарызын өтемеуге немесе әке-шешесімен сөйлеспеуге берілген анттар осындай.

Осы тақырыпқа қатысты Пайғамбарымыздан (c.ғ.с) жеткен бір хадисде: «Бір адам бір нәрсе үшін ант етіп, содан кейін одан да қайырлысын (жақсылығы көбін) көретін болса, антын бұзсын және кәффарат берсін» деп бұйырған. [Мүслим Әйман 11 хадис].

Орындалмай қалған анттардың кәффаратын өтеу, берілген анттың мақсатына қарай өтеледі. Иәмин-и Лағуи. (Қателікпен айтылған ант) кәффарат қажет етпейді. Алайда, Иәмин-и Мун анкида/Макудә. Шарттарына сай берілген антта кәффарат өтеуі міндеттеледі. Иәмин Ғамус өткен шақта болған бір оқиғаға сендіру мақсатында айтылған антта кәффарат өтеуімен қатар, тәубе етуі де қажет. Сонымен қатар, басқасының құқығы тапталған жағдайда кешірімін алып, берген зияндарын өтеуімен қатар, тәубе етуі тиіс.

Ұмытылған, білмей қалған және мәжбүрлі түрде берілген анттың бұзылуы мәзһабтар арасында бірнеше пікір қалыптасқан. Шафиғи және Ханбали мәзһабтарында берілген антқа қарсы іс-әрекет жасалатын болса ант бұзылады және кәффарат өтелуі қажет еттірмейді. Ханафи мәзһабында болса, ант бұзылады және кәффарат өтелуі де тиіс.

Иәмин-и Мун анкида/Макудә. Шарттарына сай берілген ант бұзылған жағдайда өтелуі қажет болған кәффарат, он кедейді тойдыру немесе киіндіру немесе бір құлдың азаттығын беру. Бұларға күші жетпеген адам үш күн ораза ұстайды. [«Мәйда» сүресі, 89-аят]. Ханафи және Ханбали мәзһабтарында бір немесе одан көп бұзылған анттарда бір кәффарат берілуі жеткілікті. Шафиғи және Мәлики мәзһабтарында әр бұзылған антқа жеке-жеке кәффарат өтелуін қажет деп санаған. Бір ант кәффараты өтелгеннен кейін, қайтадан берілген ант бұзылса, қайтадан кәффарат өтелуі қажет екені жайында ислам ғұламаларының пікір бірлігі бар.

Анттың шарттары:

1- Ант беретін адам ең алдымен ақыл-есі бүтін, әрі балиғат жасына жетуі тиіс. Біле тұра мас болғанда берілген анттар, ислам ғұламаларының басым көпшілігінің пікірде қабыл етіледі, кейбір ғұламалар болса мас адамның берген анты қабыл етілмейтінін айтқан. Балалық шағында берілген ант, ержеткеннен кейін  бұзатын болса кәффарат өтеуі тиіс емес.

2- Мұсылман болу. Ханафи және Мәлики мәзһабында мұсылман болмаған адамның берген анты мұсылмандар арасында үкімсіз. Шафиғи және Ханбали мәзһабтарында мұсылман елінде өмір сүрген басқа дін өкілдері (зымми) және діннен шыққандардың (мүртед) берген анты қабыл етіледі. Сонымен қатар, Зыммидің кәффарат өтеуге мүлкі болмаса, мұсылмандықты қабыл еткенде ораза ұстайды. Ал діннен шыққан адам болса, мұсылман болғаннан кейін барып кәффарат өтейді.

3- Ант сөзін айтуы шарт. Адамның ниет етуі ант болып саналмайды. Ант ету сөздерін тілімен айтуы шарт. Мылқау болған жағдайда, ымдағаны ант болып қабылданады.

«Айтылған  сөз – атылған оқпен тең», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды» деген дана халқымыздың сөзі  осыдан қалса керек.

 

Исатай Бердалиев

 

Пікірлер Кіру