АҚИҚАТЫН АҢСАЙМЫН АҚ АРМАННЫҢ

03 сәуір 2024 1259 0
Оқу режимі

 Мұқағали Мақатаев (1931-1976)– халқымыздың көрнекті ақыны. Оның ақбұлақтың суындай сылдырап тұрған өлеңдерінде қазақтың жаны, қазақтың ой-арманы, бүкілтілек-мұраты тоғысқандай әсер қалдырады. Оның туған жері -табиғаты әсем Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы. Ақын қаншама мөлдіреп тұрған лирикалық өлеңдер, поэмалар, толғаулар жазды. Ол адам баласына ілім-білімнің алатын орнын, оның жоғары мәртебесін жібекке тізген меруерттей етіп суреттеп берсе, әдептілік пен имандылы қадамзаттың екідүниесіне ауадай қажет екенін де жан-жақты толғады.

Мұқағали Кеңес өкіметінің тәлім-тәрбиесінен өсіп, атеистік мектепте оқығанымен , оның түйсігіндегі бабалар дәстүрі, отбасынан алған өнегесі, көрген-білгені, естгіген-түйгені айрықша.

Сондықтан ақын:

Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін?!

Құбылаға бет алып қол қусырып,

Сәждеге жығылатын қайда күнім?

 

Сатпаймын, сатқан емен дінімді мен,

Өлмейтін, өшпейтұғын күнім білем.

Таппайтын күнде тыным, түнде тыным,

Мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін.

 

Бәрі рас айтқанының Ақ Алламның,

Құмменен топырақтан жаралғанмын.

Құдайдың құлымын мен – мұсылманмын,

Денемде түйірі жоқ арам қанның,

Ақиқатын аңсаймын ақ арманның.

 

Пікірлер Кіру