АҚЫРЕТТЕ НЕНІ АЗЫҚ ЕТЕМІЗ?

12 қазан 2023 3301 0
Оқу режимі

Бірде бір патша қасына үш уәзірін шақырып, алып бүй депті: "Әр қайсың қолдарыңа бір-бір қапшықтан алып, бау-бақшаға барыңдар, сосын сол қапшықтарыңа толтырып жеміс-жидектен салыңдар", - деп әмір етіпті. Патшаның бұл бұйрығының астарында не жатқанын түсінбеген үшеу, бауға келіпті.

Бірінші уәзір: Патшамыз бұны біздерге бекерге бұйырмаса керек, бұның астарында бір даналық жатқан болар деп, қапшыққа толтырып әдемі, тәтті жеміс-жидектердің түр түрінен салыпты. 

Екінші уәзір: Патшаның бұл буйрығының астарында, не жатқанын түсінбей, қулыққа басып, бәрібір патша қапшықты тексеріп көрмейді ғой деп, қапшығын шөп-шалам, шіріген жемістерге толтыра салыпты.

Үшінші уәзір: Патша мұны бізге жәйден-жәй бұйырды, бәрібір ол мұны тексермейді деп, ішіне тас салып толтырып барыпты.
Содан патша бұлардың үшеуінде, үш айға түрмеге жабуға, және оларға қорек ретінде өздері терген қапшықтарынан басқа ештеме берілмеуін әмір етіпті. Содан бірінші уәзір әдемі шықса, екінші уәзір азып-тозып әрең дегенде аман қалыпты, ал үшіншісі тіптен өліп кетіпті.

Тура солай, Алла Тағала біздерге мына дүние де сауап жинауға бұйырды, сауап қапшықтарымызға нені салып жүрміз? Ешкім xабар алмайтын қабірде, ешкім көмектесе алмайтын ақіретте нені азық етпекпіз?!

 Егер жиған тергеніміз сауап, ізгі амалдар болса, соны қорек етеміз. Ал жиған-тергеніміз тек күнә жұмыстар болса ше? Сондықтанда әр біріміз қаперімізде ұстауымыз керек болған жәйт: Өлгеннен соң Раббымның алдына не алып барамын деп, ізгі амалдарды молынан істеуіміз керек!

 

Пікірлер Кіру