ӘУЕЛІ АРШУ КЕРЕК ІШТІҢ КІРІН,..

18 сәуір 2024 1433 0
Оқу режимі

Көкірек таза болмаса,

Көз тазасы не керек;

Ниетің таза болмаса,

Тіл тазасы не керек

Ізбасты шешен

Бірінші тілек тілеңіз,

Бір Аллаға жазбасқа.

Бұқар жырау Қалқаманұлы

Күллі әлемді қаратқан,

Ең алдымен Алланы айт.

Бойыңа жан таратқан,

Аты жақсы тәңірді айт.

Бұқар жырау Қалқаманұлы

Бір құдайға сыйынып, 

Кел, балалар, оқылық ,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Істің болар қайыры

Бастасаңыз Аллалап,

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.

Ыбырай Алтынсарин

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз жол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл -

Өзгесі хаққа қол емес.

Абай

Өзенде балықшылар ау қарап жүр,

Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.

«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа!

Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.

Ахмет Байтұрсынұлы

Оқу білген таниды

Бір жаратқан құдайды,

Танымаған құдайды

Не қылғанда ұнайды?

Шырағым абай болғай деп,

Ата-енең жылайды,

Баладан қайыр болмаса,

Баланы неге сұрайды.

Ыбырай Алтынсарин

Сырт тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді.

Үмбетей Тілеуұлы

Аңсары ауса кісі ешбір кідірмес,

Жетер түгел, шаршағаны білінбес.

Жүсіп Баласағұн

Алланың, пайғамбардың, жолындамыз,

Ынтамызды бұзбастық иманымыз.

Пайда, мақтан әуесқой — шайтан ісі,

Кәні біздің нәпсіні тыйғанымыз?

Абай

Ұғып ал мына сөзді миы барың,

Жаратқан Алла болсын сыйынарың 

 «Елім-ай» жырынан

Әуелі аршу керек іштің кірін,

Ішке толып жатпасын сасық ірің,

Дариға, іш тазарсын, іш тазарсын,

Әйтпесе, пайда бермес құры білім

Ақмолла ақын

 

 

Пікірлер Кіру