АЗАН МЕН ҚАМАТТАҒЫ ХИКМЕТТЕР

09 қазан 2023 1215 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Алла Тағала азан дауысы есітілген жерге дейінгілерді кешіреді. Азан даусын естіген барлық нәрсе (қиямет күні) оған куәлік етеді». (Мүснәд Ахмед ибн Ханбал)

Азаншы белгілі уақытта азан шақырып, намаз ғибадатына мұсылмандарды шақырады. Алғаш сөзінде ‘Аллаһу әкбәр’ деп Aлланың ұлылығын төрт қайталайды. Мұнымен адамдар айналысып жатқан нәрседен Алла Тағаланың жоғары, ұлы екенін, теңдессіз қақпасының қай жағынан да бет түзеуге лайық екенін баршаға жария қылады.

Сосын ‘Әшһәду ән лә иләһә илләл-лаһ’ арқылы Aлла Tағаланың бірлігін екі мәрте куәлік етіп, дүние және ақырет мұқтажын беретін тек Алла екендігін еске салады. Бұдан кейін екі рет ‘Әшһәду әннә Мұхаммеден Расулалла’ дейді. Мұнымен Пайғамбарымыздың (с.a.у.) пайғамбарлығына куәлік етіп, қайырлы істің бәрінде Алла мен құлдарының арасында дәнекерші болған Пайғамбарымыздың (с.a.у.) айтқандарын орындауды және мына намаз ғибадаты да соның жеткізгені екенін ескертеді. Соңында екі рет ‘Хаййә аләс-салах’ (Намазға келіңдер) деп, намазға тұруға үндейді.

Ой елегіне салып бұдан мынаны аңғарамыз: “Әй, адамдар, Раббыларыңның кез келген үлкеннен әлдеқайда ұлы екені анық. Сондай-ақ жіберген таңдаулы пайғамбары Aллаға құлшылық ету жолын көрсеткен. Қазір осы ұлы ғибадатқа бет бұрып, Алла Тағалаға дұға етіп, жалбарыңдар, соның арқасында талап-тілектеріңе қауышыңдар.” Бұл тілектердің ең бастысы салауат, азаптан құтылу. Бес уақыт намазда осы игі тілекті жақсылап бақылау/сақтау болғандықтан, сосын азаншы екі мәрте ‘Хаййә алал-Фәлах’ (салауатқа келіңдер) дейді. Азаншы осы ақиқаттарды даусын көтере айтқан соң мұсылмандардың талап, тілегінің ең маңыздысы болған Алланың ризашылығы үшін тағы екі рет тәкбір айтып тәухид сөзімен азанды бітіреді.

Азаншы айтқан мүбәрак сөздерді естіген мұсылмандар болса, оны қайталайды, сөйтіп оны құптап, қабыл алумен қатар, тиісті міндетін орындайтынын ашық айту болып саналады.

Бұдан кейін намаз оқу үшін бір жерге жиылғанда азаншы қаметтің соңына жақындағанда екі рет ‘Қад қамәтис-салах’ (намаз басталды) деп, бірден намазға тұру керектігін білдіреді. 

 

Пікірлер Кіру