БАС МҮФТИ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН БЕРІЛГЕН АУЫЗАШАРҒА ҚАТЫСТЫ

19 наурыз 2026 59 0
Оқу режимі

Бүгін қасиетті Рамазан айында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан еліміздің барлық облыс орталықтарында ауызашар дастарханы жайылды.

Алматы қаласында өткен рухани шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жиналған қауымды мүбәрак аймен құттықтады.

Ауызашарға Алматы қаласындағы зиялы қауым өкілдері, өнер адамдары, түрлі еңбек ұжымдары, қарттар үйінің тұрғындары, мешіт жамағаты мен имамдар қатысты.

Ауызашар барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды сөз сөйлеп, қасиетті айдың қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының рухани тәрбиелік мәніне тоқталып, жамағатты ізгілік пен қайырымдылыққа үндеді.

Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, жазушы Мереке Құлкенов және өзге де зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, ел бірлігі мен руханият тақырыбында тағылымды ойларымен бөлісті.

Рухани кеш барысында дәстүрлі әндер шырқалып, күмбірлеген күй орындалды. Сонымен қатар ата-бабалар рухына Құран бағышталып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.

«Рамазан – мейірім мен берекенің айы. Бұл айда мұсылман баласы сабыр мен шүкіршілікке үйреніп, мұқтаж жандарға жанашырлық танытады. Мұндай игі шаралар қоғамдағы өзара түсіністік пен бірлікті арттыра түседі», – деді Бас мүфти.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ұйымдастырылған ауызашарлар еліміздің барлық өңірлерінде бір мезетте өткізіліп, түрлі сала өкілдерін қамтыды.
































Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кі

Дереккөз: муфтият.кз

Пікірлер Кіру