БАУЫР – МҰРАТҚА ЖЕТУ ЖОЛЫНЫҢ БАСЫ

19 мамыр 2023 4583 0
Оқу режимі

Әрбір адам өз өмірінде алдына асыл мақсат қойып, сол мұрат-мақсатыма жетсем деген ниетте болары анық. Ол мақсатқа жетуге Құран Кәрім (يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِين) «Уа, иман келтіргендер! Аллаға тиісінше тағзым етіңдер әрі Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар, сондай-ақ шыншыл жандармен бірге болыңдар!» («Тәубе» сүресі, 119-аят) – дей отыра жол көрсетеді. Қазақ «Жақсымен жүрсең жетесің мұратқа, жаманмен жүрсең қаласың ұятқа» деп дос таңдауда қателеспеуге шақырады. Алла елшісі: (مَنْ سَرَّهُ أَنْ يَجِدَ حَلاَوَةَ الإِيمَانِ فَلْيُحِبَّ المَرْءَ لاَ يُحِبُّهُ إِلاَّ لله) «Кім иманның тәттісін сезгісі келсе, адамды тек Алла үшін жақсы көрсін» – десе, Құран кәрім: (إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ) «Расында, мүміндер – бір-біріне бауыр» – деген ережені бекітеді. Демек шынайы мұсылманмен бауыр болу адамды мұрат-мақсатына жетелейді екен.

Ерлі-зайыптының ортасындағы құқықтары болғаны сияқты бауырластық байланысында да өз құқықтары бар. Неке құқықтарына опалы, адал болу міндетті болғаны сияқты, бауырластық құқықтарына да солай опалы, адал болу міндетті. Мұсылман бауырдың өзінің басқа мұсылман бауырының мал-мүлкінде, тілінде, күш-қайратында, жүрегінде, дұғасында, ықыласында, қамқорлығында ақысы бар.

  1. Мал-мүліктегі ақысы.

Хәзреті Әли (р.а.): «Жиырма дирхамды Алла жолындағы бауырыма сыйға тарту міскіндерге жүз дирхамді садақа еткеннен сүйіктірек іс» - деген екен.

Алла елшісі:

مثل الأخوين مثل اليدين تغسل إحداهما الأخرى " «Екі бауыр екі қолдай. Бірі екіншісін жуады», -деген. Екі қол бір мақсатқа, яғни тазалықты ниет етіп бір-біріне қолдаушы, жәрдемші болғанындай, бауырлардың да мақсаты бір, ниеті бір болып бірін-бірі әрқашан қолдауы тиіс.

Бауырға мал-мүлікпен қамқорлық танытудың үш деңгейі болады:

                            1. Бауырды қызметші деңгейінде көру: оның қажетсінгенін біліп, сұратпай, Өзінен артылған мал-мүліктен беріп қарайласу.

                             2. Бауырды өз деңгейіңде көру: Бауырын өзіндей көріп, әрбір нәрсесін бөліседі.

                              3. Бауырды өзінен жоғары көру: бұл деңгей ең жоғары деңгей. Өзінен гөрі бауырының қажеттілігін артық көруді шариғатта «Исар» деп атайды.

«Хашр» сүресінің 9-аятында:

وَيُؤْثِرُونَ عَلَىٰ أَنفُسِهِمْ وَلَوْ كَانَ بِهِمْ خَصَاصَةٌ

«Тіпті өздері мұқтаж бола тұра оларды өздерінен артық көреді», - деп сахабалардың «Исар» етуінің деңгейін көрсетеді.

Ибн Умардан риуаят етіледі: сахабалардың біріне піскен қойдың басы сыйлыққа беріледі. Ол оны алып «пәлен бауырым менен де осы тамаққа мұқтажырақ» деген оймен басқа досына сыйлап жібереді. Ол досы да басқа досына сыйлап жібереді. Осылайша жеті үйді аралап қайта өзіне келген екен» - дейді.

  1. Мұсылман бауырдың мұсылман бауырындағы қамқорлығындағы ақысы.

Мұсылман адам өз бауырына өзінің қамқорлығымен, күш-қайратымен ол досының сұрауынан бұрын қажетін өтеп көмектесуі керек. Қамқорлықтың ең төменгі деңгейі – сұрағанында көмектесуі. Кейбір салиқалы кісілер өздерінің қайтыс болған бауырларының отбасына 40 жылға дейін көмектесіп тұрған екен. Олардың бала-шағалары әкесінің көзін көрмесе де қамқорлығын әрқашан сезініп отырған екен.

Алла елшісі:

 إن للهِ تعالى آنيةٌ من أهلِ الأرض ، و آنيةُ ربِّكم قلوبُ عبادِه الصالحينَ ، و أحبُّها ألينُها و أرقُّها

«Алла Тағланың жер бетіндегілерден болған ыдыстары бар. Салиқалы пенделердің жүрегі Раббыларыңның ыдыстары. Оған сүйіктісі оның ең жұмсағы және нәзік болғаны» - деген.

Қорыта келгенде, мұсылман өз мұсылман бауырының қажеттілігін өзінің қажеттілігіндей көруі тиіс, тіпті өзінен де жоғары қоюы керек. Өзінің жеке жағдайын қалай біліп жүрсе, бауырының жағдайын да сол дәрежеде жетік біліп, сұратпай қажетін өтеп беруі керек. «Фатх» сүресінің 29-аятында «рухама у байнаһум» (өзара мейірбан) - деп сипатталған мұсылман бауырлар бір-біріне қарайласып, қамқор болулары керек.

  1. Тілдегі ақысы: үнсіздіктегі және сөйлегендегі ақысы.

Әуелі үнсіздік...

Мұсылман Өзінің мұсылман бауыры жайлы сыртынан болсын, көзбе-көз болсын айыбын ашпай, айыбы жайлы үнсіздік сақтап, онымен тартысу мен таласудан аулақ болуы керек.  

Мұсылман бауырының сыртынан аңдып, бір істе кінәлі болып қалған болса, оны жолыққанда немесе көптің алдында паш етіп ыңғайсыз жағдайға салып қоймауы керек. Оның сеніп айтқан сырларын сыр жасыра білетін достарына да, достық үзілгеннен кейін де ашып бермеуі тиіс. Себебі, бұл табиғатының және жан-дүниесінің ластанғанының белгісі.  

وعن أبي هريرة t قَالَ: قَالَ رسولُ اللَّه ﷺلا تَحاسدُوا، وَلا تناجشُوا، وَلا تَباغَضُوا، وَلا تَدابرُوا، وَلا يبِعْ بعْضُكُمْ عَلَى بيْعِ بعْضٍ، وكُونُوا عِبادَ اللَّه إِخْوانًا، المُسْلِمُ أَخُو الْمُسْلِم: لا يَظلِمُه، وَلا يَحْقِرُهُ، وَلا يَخْذُلُهُ، التَّقْوَى هَاهُنا ويُشِيرُ إِلَى صَدْرِهِ ثَلاثَ مرَّاتٍ بِحسْبِ امرئٍ مِنَ الشَّرِّ أَنْ يَحْقِر أَخاهُ المُسْلِمَ، كُلّ الْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِمِ حرامٌ: دمُهُ، ومالُهُ، وعِرْضُهُ     رواه مسلم.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: Алла елшісі (с.ғ.с.): «Сендер бір-бірлеріңе көреалмаушылық жасамаңдар, біріңді-біріңе айдап салмаңдар. Дұшпандық қылмаңдар және біріңе-бірің ашуланбаңдар. Біріңнің үстінен басқаларың келіп сауда жасамаңдар. Алланың құлдары, бауыр болыңдар. Мұсылман мұсылманның бауыры. Ол оған зұлымдық қылмайды, жәрдемсіз қалдырмайды. Оны алдамайды және жек көрмейді. Тақуалық мына жерде –деп үш мәрте көкірегін көрсетті. Адам өзінің мұсылман бауырын жек көрсе – жамандық. Әрбір мұсылманның қаны мен малы және ар-ожданы мұсылман үшін харам» (Муслим риуаяты).  

Тіпті, мұсылман бауыры жайлы жаман пікірде болудың өзі айыпталады. Алла Тағала дұғаларда «Жақсысын асырушы, жаманын жасырушы» - деп сипатталғанының өзінде үлкен тәрбие жатыр. Мұсылман адам да өз бауырының жақсысын асырып, жаманын жасыруды өз Раббысынан үйренуі керек.

وقال ابن عباس: (إنَّ الله قد حرم على المؤمن من المؤمن دمه وماله وعرضه، وأن يظنَّ به ظنَّ السوء)

Ибн Аббас: «Алла Тағала мұсылманға мұсылманның қаны мен малы, ар-ожданын және ол жайлы жаман ой ойлауды харам еткен», - деген.

Жаман ой ойлау, ізіне түсіп кемшілігін іздеуге алып келеді және аңдуға дейін апарады.

عن ‌أبي هريرة رضي الله عنه أن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال: «إياكم والظن؛ فإن الظن أكذب الحديث، ولا تحسسوا، ولا تجسسوا، ولا تناجشوا، ولا تحاسدوا، ولا تباغضوا، ولا تدابروا، وكونوا عباد الله إخوانا

Әбу Һурайрадан (р.а.)  риуаят етіледі: Алла елшісі: «бір-біріңді аңдымаңдар, бір-біріңе жансыздық жасамаңдар, бір-біріңмен жанжалдаспаңыздар, бір-біріңізге іштарлық жасамаңыздар, бір-біріңізбен дұшпан болмаңыздар, бір-біріңізден теріс айналмаңыздар. Алланың құлы болып бауыр болыңыздар» - деген.

عن ابن عباس رضي الله عنه عن النبي صلى الله عليه وسلم أنه قال: (من ستر عورة أخيه ستر الله عورته يوم القيامة، ومن كشف عورة أخيه المسلم كشف الله عورته حتى يفضحه بها في بيته

Ибн Аббастан риуаят етіледі: Алла  еллшісі: «Кім мұсылман бауырының айыбын жасырса, Қиямет күні Алла оның айыбын жабады. Ал егер біреу мұсылман бауырының айыбын ашса, онда Алла оның айыбын ашады жəне оны өз үйінде масқара қылады», - деген.

 وعن أَبي أُمَامَة الباهِليِّ t قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّه ﷺأَنا زَعِيمٌ ببَيتٍ في ربَضِ الجنَّةِ لِمَنْ تَرَكَ المِرَاءَ وَإِنْ كَانَ مُحِقًّا، وَببيتٍ في وَسَطِ الجنَّةِ لِمَنْ تَرَكَ الكَذِبَ وإِن كَانَ مازِحًا، وَببيتٍ في أعلَى الجَنَّةِ لِمَن حَسُنَ خُلُقُهُ حديثٌ صحيحٌ، رواه أَبُو داود بإِسنادٍ صحيحٍ.

Абу Умама әл-Баһилиден(р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі: «Хақ бола тұра таласып-тартысуды доғаратын болса, мен жұмақтың шетінен үй алуына кепілдік беремін, ал, кім әзілдеп болса да, өтірік айтуды доғаратын болса, жұмақтың ортасынан үй алуына кепілдік беремін, ал кім мінезін көркем ететін болса, жұмақтың төрінен үй алуына кепіл боламын» - деген.

 ذَرُوا الْمِرَاءَ ، فَإِنَّ أَوَّلَ مَا نَهَانِي رَبِّي تَعَالَى عَنْهُ بَعْدَ عِبَادَةِ الْأَوْثَانِ ، وَشُرْبِ الْخَمْرِ ، الْمِرَاءُ 

خرج علينا رسولُ اللهِ صلَّى اللهُ عليه وسلَّم يومًا ونحن نتمارَى في شيءٍ من أمرِ الدينِ فغضب غضبًا شديدًا لم يغضبْ مثلَه ثم انتهرنا فقال مهلًا يا أمةَ محمدٍ إنما هلك مَن كان قبلَكم بهذا ذروا المراءَ لقلةِ خيرِه ذروا المراءَ فإن المؤمنَ لا يُمارِي ذروا المراءَ فإن المماريَ قد تمَّت خسارتُه ذروا المراءَ فكفَى إثمًا أن لا تزالَ مماريًا ذروا المراءَ فإن المماريَ لا أشفعُ له يومَ القيامةِ ذروا المراءَ فأنا زعيمٌ بثلاثةِ أبياتٍ في الجنةِ في رباضِها ووسَطِها وأعلاها لِمَن ترك المراءَ وهو صادقٌ ذروا المراءَ فإن أولَ ما نهاني عنه ربِّي بعدَ عبادةِ الأوثانِ المراءُ فإن بني إسرائيلَ افترقوا على إحدَى وسبعينَ فرقةً والنصارَى على ثنتينِ وسبعينَ فرقةً كلُّهم على الضلالةِ إلا السوادَ الأعظمَ قالوا يا رسولَ اللهِ ما السوادُ الأعظمُ قال مَن كان على ما أنا عليه وأصحابي مَن لم يمارِ في دينِ اللهِ ولم يكفِّرْ أحدًا من أهلِ التوحيدِ بذنبٍ غُفِر له ثم قال إن الإسلامَ بدأ غريبًا وسيعودُ غريبًا قالوا يا رسولَ اللهِ ومن الغرباءُ قال الذين يُصلحونَ إذا فسد الناسُ ولا يمارونَ في دينِ اللهِ ولا يكفِّرونَ أحدًا من أهلِ التوحيدِ بذنبٍ

«Бірде сахабалар өзара дін мәселелерінің бірі жайлы таласып-тартысып жатқанда Алла елшісі келіп сахабалардың бұлай тартысқанына қатты ашуланып, айқайлап тартысты доғарып, былай деді: «Уа Мұхаммедтің үмметі! Сендерден бұрынғыларды құртқан осы еді. Қайырымы аз болған тартысуды доғарыңдар. Тартысуды доғарыңдар, себебі момын мұсылман тартыспайды. Тартысты доғарыңдар, тартысушының зияны толық жетті. Тартысуды доғарыңдар, тартысушылықты жоймауларыңның өзі күнә ретінде жеткілікті. Тартысуды доғарыңдар, қиямет күнінде тартысушыға шапағат етпеймін. Тартысуды доғарыңдар, тартысуды доғарушыға жұмақтың шетінен, ортасынан және төрінен үй берілуіне кепілмін. Себебі, ол шыншыл! Тартысуды доғарыңдар. Себебі, мені Алла Тағала пұтқа құлдық ұру мен арақ ішуге тыйым салғаннан кейінгі салған тыйымы осы тартысудан тыйым еді»,-деді. Ол одан әрі сөзін жалғастырып: "Израил әулеті 71-ге, христиандар 72-фирқаға бөлінді. Олардың баршасы адасуда. Тек «сауады ағзамнан» басқасы» - деді. Сонда жанындағылар «Уа Алла елшісі! «Сауад ағзам» дегендер кім?» - деп сұрады. Алла елшісі: «мен және менің сахабаларым болған жолдағылар. Кім Алланың дінінде тартыспайтын болса, Таухид аһлін істеген күнәсі үшін кәпір деп айыптамайтын болса, оның күнәсі кешіріледі», - деді. Сонан соң Алла елшісі: «Ислам діні жат біреудей болып басталды, сол жат біреудей болып қайтады», - дейді. Сонда: «Уа, Алла елшісі! Жат біреулер деген кімдер?» - десті. Сонда Алла елшісі: «Адамдар бүлік жасағанда оны түзетушілер, Алланың дінінде талас-тартысқа түспейтіндер, Алланы бір деп сенгендердің істеген күнәсі үшін кәпірлікте айыптамайтындар» - дейді.

Қорыта айтқанда, өзіңнің ақылдырақ немесе артығырақ екеніңді дәлелдеп, бауырыңның білімсіз, біліксіз екендігін бетіне басып қорлау таласып-тартысудан шығатын нәтиже. Бұл нәтижеден тәкаппарлық, қорлау, азар беру, балағаттау сынды жағымсыз қасиеттер бойымызға сіңе бастайды.

عن ابن عباس، عن النبي صلى الله عليه وسلم قال: «لا تمار أخاك، ولا تمازحه، ولا تعده موعدا فتخلفه

Ибн Аббас риуаят еткен халдисте: Алла елшсі: «Бауырыңмен тартыспа, оны келеке етпе және оған берген уәдеңнен қайтпа!», - дейді.

Жалғасы бар

Әділхан Иманәліұлы

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы

 

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру