БІЛІМ МЕН МІНЕЗДІҢ ҚАЙСЫСЫ МАҢЫЗДЫ?

09 қаңтар 2025 164 0
Оқу режимі

Қазір білімді адам көп, мінезді адам аз.

Ел басқару үшін БІЛІМ МЕН МІНЕЗ-дің қайсысы маңызды?

Бір патша данышпан уәзірінен:

- «Білім мен мінездің қайсысы маңызды?» деп сұрапты. Данышпан уәзірі:

- «Мінез» депті.

Білімнің күшіне сенетін Патша жұртқа:

«Кім хайуанға білім үйретсе 100 алтын беремін» деп жар салыпты.

Сонда бір адам келіпті. Патша:

- «Адамдарға қызмет етуді мысыққа қанша уақытта үйретесің?» депті. Сонда әлгі адам 6 айда үйретемін депті.

Сонымен 6 ай өткенде патша уәзірлерін жинап, әлгі адам үйреткен мысықты алдырыпты. Мысық уәзірлерге ас ұсынып, қызмет етіпті.

Сол кезде Патша қасында отырған данышпан уәзіріне:

- «Білім мен мінездің қайсысы маңызды?» депті.

Сонда уәзір етегінің астында жасырып отырған тышқанды жібере қойыпты. Тышқан зу етіп жүгіргенде қызмет етіп тұрған мысық қолындағы асты тастай салып, тышқанды қуып кетіпті. Ас шашылып жайында қалыпты. Осылайша 6 айлық білім деп іске жарамай қалыпты.

Сонда уәзір:

- «Мәртебелі патшам! Мінез маңызды. Білімі бар, бірақ мінезі жоқ, характері төмен адамдар тышқанды көре сала міндетін ұмытып кеткен мысық сияқты, қандай бір мүмкіндігі болған кезде жеке пайда-мүдде көздеп, қалау-құмарлығының артынан кетеді, тіпті отанын да сатып кетеді» депті.

Жоламан БҰЛАН

Пікірлер Кіру