БҮГІНГІ ПОСТ ЖҮРЕК ЖАЙЛЫ
Денеміздің сол жағында орналасқан бір кесек ет жайлы емес, ол кесек ет жануарда да бар. Біз өлсек те ол кесек ет қалады денемен бірге .
Менің әңгімем өлгісі келмейтін, мына өмірге сыймайтын ЖАНЖҮРЕК - РУХ - НӘПСІ жайында.
Жүректе төрт түрлі сипат бар:
ИТТІҢ СИПАТЫ: ашуланшақ, ренжігіш, өкпелегіш, ұрысқақ секілді сипатқа ие болады.
ШОШҚАНЫҢ СИПАТЫ: жеп-ішуге, төсек қатынасына байланысты құмарлықтан ләззат алу сипаттарын қамтиды.
ШАЙТАННЫҢ СИПАТЫ: алдау, арбау, саясат, қулық, пайдалану деген секілді.
ПЕРІШТЕ СИПАТЫ: адал, мейірімді, қанағатшыл, жомарт, тб сипаттарға ие болады.
Егер алғашқы үш сипатты періште сипаты басқара алса, онда адам ләдуни ілімге есік ашады, яғни интуиция дамиды. Және Адам өмірінде жеңілдік пайда болады. Өйткені әр бір затты қалай дұрыс қолдану керек екенін инструкциясында көрсетеді. Дәл сол секілді біз де ең аяулы жерімізді инструкция бойынша жоғарыда айтылғандай қолданғанымыз дұрыс болады деп меңзелген.