ДАНЫШПАН ӘКЕНІҢ ҰЛЫНА АЙТҚАН 36 АҚЫЛ-КЕҢЕСІ
1. Шылым шегуден аулақ бол.
2. Жарыңды мұқият таңда — ол сенің бақытыңның немесе қайғыңның 90%-на себепкер болады.
3. Арзан құрал-жабдық сатып алма.
4. Балаларыңды өзің қалағандай емес, олардың болмысын қабылда.
5. Сені сынағандарға жауап беріп уақытыңды босқа кетірме.
6. Қателіктеріңнен сабақ ал.
7. Жаңа жұмыс таппай тұрып, қазіргі жұмысыңнан кетпе.
8. Досыңның көлігін алсаң, қайтарғанда жанармайын толтырып бер.
9. Телефон өміріңнің әдемі сәттерін бөлмесін — ол сен үшін, қоңырау шалушы үшін емес.
10. Жұмысы бітпей тұрып ешкімге ақша төлеме.
11. Қаржылық жағдайыңды өзіңнен әлдеқайда бай немесе кедей адамдармен талқылама.
12. Досыңа ақша қарыз берерде абай бол — достығың мен ақшаңнан айырылып қалуың мүмкін.
13. Әңгімелесушіңнің жалақысын сұрама.
14. Үй сатып аларда 3 маңызды нәрсені есте сақта: орналасуы, орналасуы, және орналасуы.
15. Арманың мен мақсатыңа сай жұмыс табылса, жалақысына қарамай қабылда — лайықты жалақы кейін өзі келеді.
16. Жадқа сенбе — бәрін жазып жүр.
17. Балаларыңа беретін жаза — жасаған қылықтарына сай болсын.
18. Ақшаны тек сенім артатын адамға ғана қарызға бер.
19. Барлығы мақтауды ұнатады — жылы сөздеріңді аяме.
20. Бағаның дұрыс болуы — жазылған сома емес, ол сенің бюджетіңе сай ма, соны ескер.
21. Балаларыңның бұрыс әрекеттерін елеме — олардың тәрбиесіне сен жауаптысың.
22. Жанжал кезінде әдептен озсаң — өз құқығыңнан айырылып қаласың.
23. Білгеніңді бөліс — білім тарату ғана мәңгі қалудың жолы.
24. Жеке не қаржылық мәліметтерді тек аса қажет жағдайда ғана аш.
25. Досың туралы жақсы сөз естісең, оған жеткіз.
26. Күніңді жақсы өткізу үшін кешікпей ұйықта.
27. Саған жамандық жасаған адамды ұялтқың келсе — оның балаларына жақсылық жаса.
28. Өзіңнің әлеуметтік және экономикалық деңгейіңе сай, не сәл төмен адаммен үйлен.
29. Бір нәрсені екі рет қарызға алсаң — оны сатып ал.
30. Үлкен адам бөлмеге кірсе — орныңнан тұр.
31. Барлығы үндемей қалса — өз ойыңды білдір.
32. Күніне жарты сағат жаяу жүр.
33. Сағатыңды нақты уақыттан бес минут алға қой.
34. Табиғи бол, жасандылықтан аулақ жүр.
35. Ұсақ-түйек мәселелер туралы дауласпа.
36. Қайда барсаң да — жақсы із қалдыр.